Аймақтар • 17 Маусым, 2019

Қостанай облысы 1 шілдеден бастап цифрлық эфирлік хабар таратуға көшеді

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл республикалық кесте болғандықтан, оған дайындық өткен жылы басталған болатын. Дайындық барысында облыста 59 радиотелевизиялық станция құрылды және жаңғыртылды. Ол қазір облыс тұрғындарының 98 процентін – 627 елді мекенді қамтуға мүмкіндік берді.

Қостанай облысы 1 шілдеден бастап цифрлық эфирлік хабар таратуға көшеді

Баламалы хабар таратудан цифрлыққа көшкен кезде облыс орталығынң тұрғындары отандық 26 телеарналарды қарай алады, ал аудандар мен қалалар 11 теле арнаны тамашалауға мүмкіндік туады. Қазір аудандарда тек отандық 3 теле арна – Хабар, Қазақстан, Еуразия ғана көрсетеді.

Цифрлық деңгейге өтуде кілтипан да жоқ емес. Облыста 2014 жылдан бұрын шыққан телевизорлар арқылы цифрлық эфирді тамашалау үшін арнайы қосымша қондырғы (приставка) алынуы тиіс. Мұндай телевизиялық қондырғылармен әлеуметтік аз қорғалған, адрестік арнайы көмек алып отырған отбасылар бюджет есебінен қамтамасыз етілуі тиіс. Бүгінге дейін 7 млн 557 мың теңгеге 687 приставка алынды. Ал кейбір аудандар үшін спутниктік тарелкалар керек. Оның Қамысты және Денисов аудандарында қажеттігі білініп отыр. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов аталған аудан әкімдеріне 1 шілдеге дейін спутниктік тарелкалар тұрғындар ең аз тұратын елді мекендердің барлығында болуын тапсырды.

«Қазтелерадио» АҚ облыстық филиалының мәліметінше, өңірде, оның ішінде Қостанай ауданынан бастап, баламалы эфир таратуды өшіру жұмыстары 24-26 маусым аралығында жүре бастайды. Одан кейін тамыз-қараша айларында баламалы эфир тарату құралдарын бөлшектеу, бұзу жұмыстары жүретін болады.

Қостанай