Аймақтар • 17 Маусым, 2019

Зияткерлік мектеп 57 түлекке аттестат тапсырды

468 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 57 түлекке жоғарғы мектепті тәмамдау туралы аттестат тапсырды. Түлектер зияткерлік мектеп тарихында екінші рет ұшырылып отыр.

Зияткерлік мектеп 57 түлекке аттестат тапсырды

Салтанатты шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Руслан Сакеев, қамқоршылар кеңесінің мүшелері, ата-аналар, мектеп әкімшілігі және мұғалімдер қатысты.

Кейін ол білім ордасын үздік тәмамдап, қорытынды жиынтық бағалауды сәтті тапсырып шыққан Нұрғайса Жақсыбекқызына «Алтын белгі»  тақты. Ал Аида Зинурқызы, Фариза Шынжырова, Меруерт Бижанова қызыл аттестатқа ие болды.

Ақтаулық зияткерлер халықаралық білім аренасындағы жетекші университеттердің білім грантына да ие болып отыр. Мәселен, көптеген республикалық пәндік олимпиадалар жеңімпазы Арман Жұмахан City University of Hong Kong жоғарғы оқу орнына «Data science» мамандығы бойынша білім грантын жеңіп алды. Айта кету керек, бұл заман сұранысына ие жаңа мамандықтардың бірі.  12 «С» сыныбының түлегі Алуа Канаева Гонг-Конг политехникалық университетінің білім грантына ие болды. Ал қызыл аттестатқа алған Фариза Шынжырова Назарбаев Университетінде тегін оқуға шақырту алды.

-        Зияткерлік мектептің түлектері жоғары көрсеткіштерді көрсетіп отыр. Мысалы, IELTS халықаралық емтиханының нәтижесі бойынша,барлық түлектің ағылшын тілін меңгеру деңгейінің орташа балы 6,3. Көптеген түлектер еліміздегі Жоғары оқу орындарын таңдап отыр, дейді кәсіби бағдар беру бойынша кеңесшісі Сауле Алдабергенова.

Маңғыстау облысы