Туризм • 18 Маусым, 2019

Солтүстік Қазақстанда туристік маусым ашылды

474 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Айыртау ауданында орналасқан Шалқар-Имантау республикада басымдық берілген он туристік аймақтың бірі саналады.

Солтүстік Қазақстанда туристік маусым ашылды

Туристердің қызуғышылығын ояту және демалушыларды тарту мақсатында мұнда көптеген шаралар атқарылды. Қосымша демалыс орындары ашылды. 

«Шалқар-Имантау курорттық аймағының дамуына республикалық бюджеттен қомақты қаржы бөлінді. Соңғы 3 жылдың ішінде автомобиль жолдарын жөндеуге  3 миллиард теңге бағытталды. Қорған, Омбы, Түмен бағыттары бойынша жол қалпына келтірілді. Биыл  Зерендіге барар тасжол күрделі жөндеуден өтеді», деді туристік маусымның ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде аймақ басшысының орынбасары Дәурен Жандарбек.

Аудандық туризм бөлімінің жетекшісі Аманбек Махметовтың айтуынша, 38 демалыс орны жұмыс істейді. 5 жаңа орталық күрделі жөндеуден өтеді. Ең үлкен жоба–«Шалқар-Су» санаторийі. Оны қалталы инвесторлар өз қамқорлықтарына алған.

«Ақбар» туристік кешені күніне 200 адам қабылдай алады. Былтыр 4 мың турист демалыпты. 12 коттедж тұрғызылыпты.  Әрқайсысы ыстық суға дейін жабдықталған.

Жазғы туристік маусымның ашылуына орай жәрмеңке де өтті. «KAZ SOUVENIR» компаниясы экологиялық таза  шикізаттан жасалған  әртүрлі бұйымдар ұсынды.

«Металл сынықтарын жинап, тазалаймыз. Сосын өндеп, түрлі бұйымдар әзірлейміз. Қалдық ағаштарын да кәдеге жаратамыз. Кәде сыйларға ұсыныс көп», дейді компанияның өкілі Әлішер Хамзин.


Солтүстік Қазақстан облысы.