18 Маусым, 2019

Ұлттық кітапхана ұжымы журналистерді марапаттады

876 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының ұжымы алдағы Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай, бірқатар БАҚ өкілдерін «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен және арнайы алғыс хаттармен марапаттады.

Ұлттық кітапхана ұжымы журналистерді марапаттады

Кітапхана қабырғасында өтетін мәдени іс-шаралардың маңыздылығын жұртшылыққа жеткізуде табандылық танытқан журналистерді құттықтаған парасат ордасының ұжымы, ақпарат майданының сардарларына алғысын білдірді. Мереке  қарсаңында  марапатталған БАҚ өкілдерінің тізімі төмендегідей.

«Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен:

Бақыт Жағыппар – «Қазақ радиосы»

Жанарбек Әшімжан – «Ана тілі» газетінің Бас редакторы

Эльвира Серікқызы – «Егемен Қазақстан» газеті

Нұрболат Қуанышбекұлы – «Асыл арна» телеарнасы

Ерболат Әлібекұлы – «Қазақстан» ұлттық арнасы

Алғыс хат:

Алмас  Рәтбекұлы, Нұрлан Асқарұлы, Айгерім Ердәулетқызы, Ришат Асқарбекұлы, Қуаныш Бәкенұлы, Раушан Жұмақадірқызы, Бауыржан Мырзақұл, Қали Сәрсенбай, Бауыржан Карипов, Нұртөре Жүсіп, Дина Имамбаева, Марғұлан Ақан, Айзада Болат, Манар Алиева, Гүлім Рысқұл, Захра Маханова, Назгүл Какимова, Досжан Балабекұлы.

Іс-шараға телеарналар мен мерзімді басылымдардың басшылары, журналистер мен Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты мекемелердің баспасөз хатшылары қатысты.


АЛМАТЫ