Бір тәулікте доллар тағы 0,71 теңгеге қымбаттады. Еліміздің ақша айырбастау бекеттері долларды 384 теңгеге сатып алып, 386 – 386,5 теңгеге сатып жатыр.Қазақстан қор биржасының вице-президенті Андрей Цалюк қазіргі бағаммен АҚШ валютасын сатып алуды ақымақтық дейді. Оның пайымдауынша, қазір валюта саудасының көлемі артқан, алайда рекордтық деңгейге жетпеген. «Доллар қымбаттайтыны туралы алып-қашпа әңгімелер енді басылады, сәйкесінше валюта саудасының көлемі де төмендейді» деді ол.
АЛМАТЫ