19 Маусым, 2019

Өтініш қабылдауда жауапкершілік керек - Қ.Көшербаев

648 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Nur Otan партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Қызылорда облысының әкімі, Nur Otan партиясы облыстық филиалының төрағасы Қ.Көшербаев тұрғындардан келіп түскен сұрақтардың мұқият қаралуын және орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Өтініш қабылдауда жауапкершілік керек - Қ.Көшербаев

"Тұрғындардан келіп түскен арыз-шағымдарды жергілікті атқарушы органдар тыңғылықты қарап, оның орындалуын және мәселенің шешілуін қатаң бақылауға алсын. Арыз-шағымдардың орындалу барысы туралы тоқсан сайын талдау жасап, қорытындысын баяндап отырыңыздар", деді Қ.Көшербаев.

Сондай-ақ, аймақ басшысы лауазымды тұлғалардың өтініштерді қарау мәселесінде жауапкершілік танытуларын ерекше атап өтті.

"Сырғытпа жауаптар мен сөзбұйдалыққа салған қызметкерлер мен лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігі, қажет болса партиядан шығару және қызметтен босату мәселесіне дейін қаралатынын қатаң ескертемін!",  деді облыс әкімі.


Қызылорда облысы