«Облыстық білім басқармасына қала және аудан әкімдерімен бірлесе отырып, аз қамтылған отбасы балаларын тегін ыстық тамақпен және қалаішілік қоғамдық көліктерде тегін жүруін ұйымдастыруды тапсырамын. Сонымен қатар, мектептегі асханаларды талапқа сәйкестендіру, тамақтану сапасын көтеру бойынша жұмысты жеделдету қажет», деді ол.
Сонымен қатар, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдерімен бірлесіп, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға қосымша қолдау шараларын ұсыну үшін 2019-2021 жылдарға арналған өңірлік Әлеуметтік жол картасын жүзеге асыру қамтамасыз етілуі мен атқарылуына партиялық бақылау күшейтілетіндігін айтты.
Сондай-ақ, облыс әкімі атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде заңсыз төленген қаржы анықталса, бюджетке қайтару жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.