Қазақпарат
«Отанымыз – Мәңгілік елдің беделін арттыра беру – Сендерге артылған зор үміт. Сондықтан, Жастарымыз ұлттық құндылықтарымызға адал болып, Қазақстанның жетістіктерін еселей береді деп мен кәміл сенемін», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент жақсы дәстүрге айналған «Айбын» әскери-патриоттық жиыны – отаншыл жастарды адал қызмет етуге, Ел қорғаны болуға тәрбиелейтін дәл осындай бірегей алаң екеніне тоқталды.
«Әскери-патриоттық қозғалыстың басты мақсаты – Өздеріңіз сияқты жалынды жастардың басын қосып, ел дамуына қажетті маңызды жұмыстарға белсене араластыру, күш жұмылдыру. Отан үшін аянбай еңбек ету – баршамызға ортақ мақсат», деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың басты бағдарына айналуы тиіс құндылықтарды атап өтті.
«Жасампаздық, бейбітшілік пен келісім, халқымыздың бірлігі, Отанға деген сүйіспеншілік және бәрімізге ортақ тағдыр жолы – біздің халқымызды біріктіретін құндылықтар. Бұл құндылықтар – жастардың басты бағдарына айналуы тиіс», дей келе Президент республикалық әскери-патриоттық жастар жиынын Ашық деп жариялады.