19 Маусым, 2019

Перинаталдық орталығы жаңа құрал-жабдыққа ие болады

547 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласындағы облыстық перинаталдық орталық Burabike Fest VII қайырымдылық спорттық-музыкалық фестивалінің бенефициарлар тізіміне енгізілді. Фестиваль ұйымдастырушылары орталыққа гипотермияны емдеуге арналған аппарат сатып алуды жоспарлап отыр.

Перинаталдық орталығы жаңа құрал-жабдыққа ие болады


Burabike Fest 2019 VII қайырымдылық спорттық-музыкалық фестивалі 2019 жылдың 24-25 тамызында Щучинск-Бурабай курорттық аймағында өтеді. Фестиваль ұйымдастырушылары - Ақмола облысы әкімдігі мен Болат Өтемұратов қорымен бірлескен Rixos Borovoе қонақ үйі.

Дәстүрлі түрде төлемнен, демеушілік жарналардан, сондай-ақ қайырымдылық аукционынан түскен қаражат Қазақстан аймақтарындағы ауруханалар мен клиникаларға медициналық жабдықтарды сатып алу үшін жұмсалатын болады.

Болат Өтемұратов Қорының қызметкерлері Қызылорда қаласындағы облыстық перинаталдық орталыққа барып, емдеу мекемесінің басшылығымен кездесті. Кездесу барысында орталықтың құрал-жабдық қажеттіліктері талқыланды.

"Биыл қайырымдылық фестивалінің әлеуетті бенефициарларының бірі болып Қызылорда қаласындағы "Облыстық перинаталдық орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесі таңдалды. Олар гипотермияны емдеуге арналған құны 12 000 000 теңге болатын аппаратты алып беру жайлы өтініш білдірген болатын. Бұған дейін 2014 жылы перинаталдық орталыққа өкпеге жасанды дем беруге арналған 2 аппарат берілді", - деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.


 Қызылорда облысы

Соңғы жаңалықтар