15 Қаңтар, 2013

Жағдай қашан түзелмек?

308 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Жағдай қашан түзелмек?

Сейсенбі, 15 қаңтар 2013 7:20

«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қа­­­зақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында Мемлекет басшысы: «Әкімдерге халықтың денешынықтырумен және спортпен жаппай айналысуы үшін спорттық инфрақұрылым­дар­дың қолжетімділігін кеңейту туралы мәселені шешуді тапсырамын. Соңғы жылдары Астанада да, облыстарда да көптеген спорттық нысандар салынды. Оларға балалар да, үлкендер де бара алмайды деген шағым көп.

Сейсенбі, 15 қаңтар 2013 7:20

«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қа­­­зақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында Мемлекет басшысы: «Әкімдерге халықтың денешынықтырумен және спортпен жаппай айналысуы үшін спорттық инфрақұрылым­дар­дың қолжетімділігін кеңейту туралы мәселені шешуді тапсырамын. Соңғы жылдары Астанада да, облыстарда да көптеген спорттық нысандар салынды. Оларға балалар да, үлкендер де бара алмайды деген шағым көп. Осы спорттық ғимараттардың бәрін де қолжетімді ету керек. Адамдар спортпен айналысатын болсын», деп атап өткен еді. Міне, осы Жолдауда айтыл­ғандай, халқымыздың спортпен шұғылдануы, денсаулығын сақтауы, сөйтіп, қашанда саламатты іспен айналысуы Елбасының алға қойып отырған басты міндеттерінің бірі болып табылады. Алайда, осындай жақсылықтың негізі елордадан басталады десек, асыра айтқандық екен. Өйткені, жоғарыда сөз болған саламатты іспен қала тұрғындарының жаппай айналысуына Астана қаласында тәртіп жетіспей жатқан көрінеді. Оған спорттық ғимараттардың лауазымды тұлғалары жіберген бірқатар заң бұзушылықтар себеп, дейді Бас прокуратураның тапсырмасына сәйкес осы істің заңдылығын тексерген Астана қаласының прокуратурасы.

Прокурорлар қала аумағында орналасқан спорттық-сауықтыру кешендерінің қызметте­рін­­дегі заңдылықтың сақталуы мен тиімділік мәсе­лелері бойынша тексеру өткізді. Сонда байқаса, Астана аумағында 25 спорттық ғима­рат қызмет етеді екен. Оның 3-уі ведомстволық болған­дықтан, 22 нысан ғана қала тұрғында­рына денешынықтыру және спортпен айналысу үшін қызметтерін ұсына алады. Бұл халық саны жыл сайын өсіп келе жатқан қала үшін, әрине, жеткіліксіз. Қазіргі жағдайда осы спорт нысандары бір мезгілде 9851 адамды ғана қабылдай алады, ол тұрғындардың жалпы саны­ның 1,2 пайызын ғана құрайды. Сонымен, Астана қала­лық прокуратура қызметкерлері анықтағандай, спорттық ғимараттардың лауазымды тұлғалары жіберген заң бұзушылықтар: коммуналдық мен­шік болып табылатын спорттық ғимарат­тардың заңсыз жалға берілуі; пайдалануға қабылдан­ба­ған спорттық нысандарды пайдалану; нысандарды пайдалану мақ­сатынан тыс қолдану; штат­тық бапкерлер құра­мын жинақ­тамау; тиісті білік­тілігі және білімі жоқ нұсқаушылармен спорттық жаттығулар өткізу; жас шамасы тиісті жасқа толмаған балаларды оқыту және басқа да заң бұзушылықтар болып анықталды.

Мәселен, «Дәулет» спорт комбинаты» МҚКК Туризм және спорт агенттігі төрағасының бұй­рығымен бекітілген Спорт мектептерінде оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастыру тәртібі туралы регламенттің 9-тармағын бұзып, теннистен бас­тауыш дайындық топтарына балаларды жас мөлшеріне байланысты шектеулерге қарамастан қабылдаған. Ал аталған регламентке сәйкес топ­қа қабылдау 7-9 жастан басталады. «Алау» мұз сарайы» МҚКК допты хоккей, шайбалы хоккей, шорт-трек бойынша бастауыш дайындық топтарына балаларды шекті жас мөлшеріне қарамас­тан қабылдау арқылы аталған регламенттің 9-тар­мағы бұзылған. Ережеге сәйкес аталған топтарға балаларды қабылдау 9-11 жастан бас­талады. Осылайша, МҚКК бұйрықтарына сәй­кес, шайбалы хоккейге 9 жасқа толмаған – 41, шорт-трекке – 3, мәнерлеп сырғанау тобына 6 жасқа толмаған 28 бала қабылданған.

Ал ең сорақысы, спорт нысандарының қа­уіп­сіздік шаралары тиісті түрде қамтамасыз етілмейтін көрінеді. Нысандардың барлығында дерлік техникалық реттеу және метрология, өрт қауіпсіздігі мен санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың бұзылғандығы кездеседі. Сондай-ақ, қызметкерлердің медициналық кітапшала­рын­да сараптамадан өткендігі туралы жалған белгі қойылуы бойынша 68 дерек анықталған. Және спорт нысандарында 1700 бірліктен астам сенімсіз өлшем құралдары (монометрлер, өлшегіштер) қолданылады екен. Енді, жоғарыда айтқанымыздай, Астанадағы мұндай келеңсіз­дік­тер қашан түзеледі?

Александр ТАСБОЛАТОВ,

«Егемен Қазақстан».