Ұрыны жұрттың өзі ұстады
Бейсенбі, 17 қаңтар 2013 7:01
Шықпа жаным, шықпа деп отырған ауыл тұрғындарының бір-екі ашатұяғын ұрлайтын қарақшылар көбейіп кетті. Бала-шағаның нәпақасы деп қыстан қысылғанда азық қылар малдарын талтүсте әкету, ұрлау асқына түсті. Сондықтан ешкімнің қарулы қылмыскерлерге қарсы тұрар қауқары болмағандықтан ауыл тұрғындарының өздері ұрыларды аңдуға көшті. Сөйтіп, бір азамат Теректі аудандық ішкі істер бөліміне қарасты Ақжайық полиция бөлімшесіне екі шетелдік көліктің ішінде бірнеше малдың еті кетіп бара жатқандығын хабарлады.
Бейсенбі, 17 қаңтар 2013 7:01
Шықпа жаным, шықпа деп отырған ауыл тұрғындарының бір-екі ашатұяғын ұрлайтын қарақшылар көбейіп кетті. Бала-шағаның нәпақасы деп қыстан қысылғанда азық қылар малдарын талтүсте әкету, ұрлау асқына түсті. Сондықтан ешкімнің қарулы қылмыскерлерге қарсы тұрар қауқары болмағандықтан ауыл тұрғындарының өздері ұрыларды аңдуға көшті. Сөйтіп, бір азамат Теректі аудандық ішкі істер бөліміне қарасты Ақжайық полиция бөлімшесіне екі шетелдік көліктің ішінде бірнеше малдың еті кетіп бара жатқандығын хабарлады. Амал жоқ, дабыл түскен соң құрықтау іс-шарасын қолға алған жедел топ мүшелері жолға аттанды. Шынында да, әлгі айтылған екі көлік алысқа ұзай қоймапты. Ұрылар полиция арттарынан қуып жетеді деп ойламаса керек, қаша да алмай қалды. Содан құрамы алты адамнан тұратын барымташылардың Теректі ауданына қарасты Көнеккеткен ауылынан төрт жылқыны ұрлап, сойып, еттерін өздері мінген «ВАЗ-21154» және мемлекеттік нөмірі жоқ «Форд Галакси» көлігіне бөліп тиеп, Орал қаласына сатуға алып бара жатқандығы анықталды. Тексеру барысында бұл қылмыстық топтың ауыл тұрғындарының бұған дейін де бірнеше бас ірі қара малын ұрлағандығы әшкереленді.
Фатихолла МАШТАХОВ,
Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер
департаментінің қызметкері.