Қазақстан • 21 Маусым, 2019

Назарбаев университетінде Ғылыми-білім беру консорциумының VII отырысы өтті

386 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Беларусь пен Қазақстанның жоғары оқу орындары, Ғылыми зерттеу институты (ҒЗИ) арасындағы Ғылыми-білім беру консорциумның VII отырысы өтті. Консорциум 2011 жылы құрылған, оның құрамына екі мемлекеттің 41 ЖОО-дары кіреді.

Назарбаев университетінде Ғылыми-білім беру консорциумының  VII отырысы өтті

Негізгі үйлестірушілері – Еуразия ұлттық университеті мен Беларусь ұлттық техникалық университеті. Отырыста 2017-2018 жылдары бірлескен жұмыс қорытындылары, екі елдегі жоғары оқу орындарының ынтымақтастық тәжірибесі мен перспективалары талқыланды. Сондай-ақ Назарбаев университетінің білім және ғылым саласындағы тәжірибесін тарату мақсатында жеке сессия болды.

Консорциум  отырысына Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл  Асылова, Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, Беларусь елінің  Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Анатолий Ничкасов, Беларусь ұлттық техникалық университетінің ректоры Сергей Харитончик қатысты. Назарбаев университетінің президенті Шигео Катсу  өз сөзінде  жоғары оқу орындары үшін  жұмыс берушілермен өзара тығыз іс-қимыл жасау және ғылыми-зерттеу компонентін дамыту қажеттігін баса айтты. Қоса кетейік, ауқымды шара екі күнге созылады.


Сандуғаш МАРАЛБАЙ, 

Журналистика факультетінің студенті