Театр • 21 Маусым, 2019

Балет жауһарларымен баурады

565 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентке гастрольдік са­пар­­­мен келген «Астана балет» театры­ ұжымы қала тұрғындары мен қонақтарына балет өне­рінің жауһарлары: «Love Fear Loss, «A fuego lento» атты бір актілі ба­лет пен «Ұлы дала мұрасы» кон­церт­тік бағ­дар­­­­ламасын ұсын­­ды.

Балет жауһарларымен баурады

Театр балет­мейс­терлері Ай­гүл Тати мен Му­­ка­рам Ава­хри­дің «Ұлы дала мұ­­расы» бағ­дар­ла­масында түрлі мә­нер­дегі би өрнек­тері көрініс тап­қан. Заманауи және ұлттық хореографияның үздік үлгілерінен өріл­ген билер шым­кенттік көрермендерін ерекше күйге бө­леді. Дивер­тисменттің әр нөмірі Ұлы да­ланың ға­ла­мат уақиғаларын баян­дады. Со­нымен қатар көрермен қауым Нұр-­Сұл­тан қаласынан келген өнер ұжымының репер­туарындағы неоклассикалық шы­ғар­­ма­ларды да тамашалады.­ Шақырылған хореограф Ри­кар­­до Амарантенің «Love Fear Loss» балеті француз әншісі Эдит Пиаф­тың ғажайып өмірінен нәр алып, оның музыкасы мен әндеріне негіз­дел­ген.

Балеттегі әрбір дуэт махаббат май­­данындағы түрлі сезімдерді ай­шықтап, «A fuego lento» («Баяу жалын») – классикалық қи­мыл­дар­ды негізге ала отырып, бра­­зи­­­лия­лық самбо мен танго эле­мент­терінен тамаша үйлесім шы­­ғара білді. Екі қойылым да зор қо­­ше­мет­­пен қабылданып, би­шілер­дің қай­­та­ланбас плас­тикалық әсем қи­мыл­­­д­ары зал толы жұртқа ұзақ қол соқ­­тырды. 


Шымкент