Саясат • 21 Маусым, 2019

Қазақстан мен Болгария арасында сенімді серіктестік орнатылған

508 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Мәжілісте Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин Болгария Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Васил Петковты қабылдады.Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан мен Болгария арасында сенімді серіктестік орнатылған

МәжілісТөрағасы Болгария – Балқан аймағындағы Қазақстанның маңызды әріптесі екенін және екіжақты қарым-қатынастың барлық саласы бойынша елдер арасындағы ынтымақтастықтың орныққанын атап өтті.

Парламентаралық ынтымақтастық туралы айтқан Нұрлан Нығматулин, Ұлттық жиналыс Төрағасы бастаған Болгария парламенттік делегацияның 23-24 қыркүйекте Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» тақырыбында өтетін Еуразия елдері парламенттері төрағаларының IV Кеңесіне қатысуы қос мемлекет арасындағы байланыстың жоғары деңгейін айғақтайтынына сенім білдірді.

Өз кезегінде Болгар Елшісі Васил Петков Қазақстанды Орталық Азиядағы тұрақтандырушы фактор ретінде атады. Сонымен қатар, дипломат екіжақты қарым-қатынастардағы достық пен өзара тиімді серіктестікті одан әрі дамытудың зор әлеуетін атап өтіп, Болгария Қазақстанның халықаралық бастамаларын қолдайтынын жеткізді.