Ел тілеуі – тыныштық
Жұма, 1 ақпан 2013 7:57
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құқық қорғау органдарының өткен жылғы жұмысын қорытындылаған және «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру міндеттеріне арналған кеңес өткізгені туралы ел газеті «Егемен Қазақстан» басылымынан «Міндет үдесінен шығу үшін тапсырманы орындау маңызды» деген тақырыпта жарияланған есепті мұқият оқып шықтым. Көңілімдегі көп ойды дөп басты.
Жұма, 1 ақпан 2013 7:57
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құқық қорғау органдарының өткен жылғы жұмысын қорытындылаған және «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру міндеттеріне арналған кеңес өткізгені туралы ел газеті «Егемен Қазақстан» басылымынан «Міндет үдесінен шығу үшін тапсырманы орындау маңызды» деген тақырыпта жарияланған есепті мұқият оқып шықтым. Көңілімдегі көп ойды дөп басты. Қарапайым халықтың бірі әрі еліміздегі бас басылымның тұрақты оқырманы ретінде айтарым, газеттегі есепте сот жүйесі мен құқық қорғау органдарының салалық қызметтеріндегі төл міндетін нық белгілеп, болашақ баспалдақтары айқындалған. Елбасы «Терроризмге қарсы күрестің тиімділігінің басты өлшемі – террорлық оқиғаның мүлде болмауы», деп баса айтты. Бұл болашақты болжай білумен бірге бейқамдық пен тыныштыққа қалыптасқан елдің тыныштығын одан әрі бекіте түсу үшін құқық қорғау органдары қызметкерлерінің сақтықты сақтау, міндеттерін мінсіз атқару арқылы елдің, жердің алдындағы парыздарын өтейтіндіктерін аңғартады. Құдайға тәубе, айрандай ұйып, мол мүмкіндікті ұтымды пайдалануға ұмтылып жүрген халықтың тілері сол тыныштық. Жер жаннаты Жетісудың құйқалы бір бөлігі, біздің атамекеніміз, жазиралы Жаркент өңірі деп аталады. Шекаралық аудан. Негізінен қазақтар мен ұйғырлар қоныстанып, адал еңбектің арқасында тату-тәтті өмір сүріп, жылжыған жылдармен біте қайнасып кеткен.
Елбасы жемқорлыққа қарсы заңдарды жетілдіру керектігін де аталған кеңесте ашық айтты. Бұл мәселе де ел көңілінен шықты. Олай дейтінім, құқықтық мемлекет құру жолында келе жатқан Қазақстанның әр азаматы құқықтық сауатты болғандықтан бар заңнамаларды жақсы біледі. Сондықтан әр адам әуелгі әңгімені өзінен бастауы керек. Сонда ұрпақ алдында ұялмай, жарқын жүрері хақ.
Тоқтарбай КЕРІМҚҰЛОВ.
Алматы облысы.