Технология • 21 Маусым, 2019

Жеке деректерге сақ болыңыз

379 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Хакерлер интернет қолданушылардың жеке деректеріне еркін қол жеткізе алады.

Жеке деректерге сақ болыңыз

Интернеттің ең осал жері, ол жеке деректердің 76%-ын қосымшаларға сақтайды. Нәтижесінде қаржы ақпараттар, хат-хабарлар, кілт сөздер хакерлердің қолында болуы мүмкін.

Зерттеу жүргізген Positive Technologies осылай деп мәлімдейді.

Зерттеулерге сәйкес, бұл жағдай IOS қосымшаларына қарағанда, Android қосымшаларында кеңінен таралған.

«Алайда, айырмашылықтары қатты білінбейді. Себебі, мобильдік қосымшаларды қолдану жағынан клиенттік деңгейі бөлінбейді», -деп санайды Positive Technologies.

Айта кетейік, бұл қауіпті жағдайдың алдын алу үшін сарапшылар зардап шегушілерге интернет желісін сирек қолдануларын, жеке деректерін барынша жасыруға кеңес берді.


Самал АСҚАР,

ЕҰУ студенті