Қоғам • 24 Маусым, 2019

Тіл – ортақ, тілек – бір

164 реткөрсетілді

Өткен жұма Нұр-Сұлтан қаласында Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың қатысуымен «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауының қорытынды салтанатты шарасы өтті.

Мәдениет және спорт ми­нистр­­лігінің Тіл саясаты коми­теті және «Шайсұлтан Шаяхметов атын­дағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ұйымдастырған дәстүрлі байқауға биыл 120 автордан 250-ге жуық материал қабылданған. Төрт аталым бойынша сынға түскен айтулы додада барша әріп­тесіміз ана тіліміздің бүгіні мен болашағы, ертеңі хақында үлкен мәселелерді қозғап, қа­ламды тереңнен тербеді.

Игі шараның шымылдығын ашқан Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметол­л­а­қызы өз кезегінде бүгінде ақ­парат ағыны тасқындап тұрған аса жауапты кезеңде еліміздің айнасы болып табылатын журналистер қауымының орны ерекше екенін атап өтті.

– Кез келген ақпарат ең алдымен ұлт мүддесіне, ұрпақ болашағына, мемлекетіміздің қауіпсіздігіне тікелей ықпал етеді. Төртінші билік өкілдерін осы тұрғыда елімізді ақпарат кеңістігінде үнемі қолдап келе жатқаны үшін алғыс білдіреміз. Алда да бізбен бірге ауқымды, күрделі мәселелерде бірігіп жұмыс істеуге шақырамыз», –деді министр.

Байқауға ұсынылған материалдарды елімізге белгілі жур­налистерден құралған арнай комиссия қарап, бағалаған. Байқау қорытындысы бойынша «Үздік мақала» аталымының бірінші орны «Огни Алатау» газетінің бас редакторы Атсалим Идиговқа берілсе, «Үздік радиобағ­дар­­­лама» аталымы бойынша бірін­ші орынды «Шалқар» радио­сынан әріптесіміз Гүлбану Мұхтарқұлова иеленді.

 Ал, «Үздік телебағдарлама» аталымы бойынша бірінші орын «Qazaqstan» ұлттық ар­на­­­­­сының журналисі Нартай Сәрсенғалиевқа бұйырса, «Үздік сайт мақаласы» аталымы бойынша бірінші орынға «Qamshy.kz» порталының журналисі Берік Бейсенұлы лайық деп танылды.

Ең негізгі жүлде, яғни «Мем­­лекеттік тіл және БАҚ» бай­қауының бас жүлдесі өзі­міздің «Egemen Qazaqstan» газетінің шолушысы қалам ұстаған күн­нен ұлтымыздың жоғын жоқ­тап, қазақ тілінің қамын жеп келе жатқан Бекен Қайратұлына бұйырды. Әріптесіміз өзі де айтып өткендей, бәйге деген бір адамның ғана емес, бүкіл ұжымның еңбегімен келеді. Бас жүлде иегеріне деген бұл қошемет – бас басылымның ғасыр тойына берілген байғазы деп білетінін жеткізді.

Айта кеткен жөн, жүлдегер­леріміз әр аталым бойынша бі­­­­рін­­­­ші орын иегерлері 500 мың теңгеден, ал бас жүлде иегері 1 млн теңге көлемінде сыйақыға ие болды.

Сондай-ақ шара барысында 2019 жылғы мәдениет, спорт, туризм, тіл салаларын бұқаралық ақпарат құралдарында жан-жақты насихаттауға үлес қосқан журналистерге Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлованың Алғыс хаты табысталды. Бұл топ­тың ішінде де егемендік тілші, ақындарымызша айтсақ «қаламы қаздың қаңқылынан қаймақ жалататын» қарымды журналист Назерке Жұмабайдың аты аталып, марапат биігінен табылды.

Жалпы журналистердің кәсі­би мерекесі қарсаңындағы биыл­ғы бәйгелер бас басылымға бас бармағымен баға беріп жат­қан­дай әсерге бөлеуде бізді. Жо­ғарыдағы жақсы жаңалық­та­ры­мызды еселеп, тура сол күні Қазақ­стан Журналистер ода­ғы­ның сый­лығына тағы бір әріп­тесіміз, атап айтсақ газеттің Маң­ғыс­таудағы меншікті тілшісі Гүлайым Шынтемірқызы да ие болды.

Одақ жүлдесі 10 журналиске берілген. Әріптесіміз «Эконо­мика­лық шолу» аталымы бойынша марапатталып отыр.

Мұндай марапаттар қаламға шабыт, қадамға қарқын еселейді. Құтты болсын демекпіз!

 

Соңғы жаңалықтар

Абай дүкені – Бельгияда

Руханият • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Риза Исаева

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Дәурен Дариябек

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Назерке Саниязова

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Ақылбек Шаяхмет

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Еркеғали Бейсенов

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Көгедай Шәмерхан

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Жасұлан Серік

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Ақжол Қалшабек

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Нұрбек Нұржанұлы

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Күлкі керуені № 7

Руханият • Кеше

Жақсы дәстүр жалғасады

Руханият • Кеше

Игілікті еңбек иесі

Қоғам • Кеше

Кедергісіз келешек

Қоғам • Кеше

Ұқсас жаңалықтар