Таяуда Ұлттық экономика министрлігі есеп беру жиынын өткізді. Басқосуда министрлік басшысы Руслан Дәленов атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар жайын әңгімеледі.

– «2018 жылы экономикалық өсім 4,1 пайызды құрап, алдыңғы жылдың деңгейін қайталады. Биылғы 5 айдың қорытындысы бойынша жалпы өсу 4 пайызды құрады. Министрліктің биылғы алға қойған ең маңызды үш бағыты бар. Олар – елдегі кәсіпкерлікті дамыту, бағалар мен тарифтер және өңірлерді дамыту», – деді Р.Дәленов.
Министрдің айтуынша, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 334 ауылда жергілікті өзін өзі басқару (ЖӨБ) бюджетінің 4-ші деңгейін енгізу жоспарланған. ЖӨБ бюджетінің басты ерекшелігі – жергілікті мәселелерді шешуге 7,6 млн азаматтың қатысуы.
Еліміздегі өңірлік саясат халықтың тұрып жатқан жеріне қарамастан бәсекеге қабілеттілігі мен тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған. Өңірлерді дамыту мемлекеттік бағдарламасын 2020 жылға дейін іске асырудың қорытындысы бойынша урбанизация деңгейі 58 пайызға жетті. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 0,8 пайызға артық. 2018 жылы қалаларға су тарту 94,5 пайызға, ауылдарға су жеткізу шамамен 60 пайызға ұлғайды, – деді министр өз сөзінде.
Жиында еліміз аумағы арқылы өтетін интернет-сәлемдеме транзитін 6 есеге ұлғайту мүмкіндігі бар екендігі айтылды.
«Таяу 5 жылдың ішінде электронды сауда айналымының көлемі 1 трлн долларға артуға тиіс. Біз Еуропа мен Қытай ортасында – тұтынушы мен сәлемдемелерді жөнелтушілердің арасында өте тиімді жерде орналасқанбыз. Сондықтан көлік легін Қазақстан арқылы жөнелтудің келешегі үлкен. Ол үшін барлық инфрақұрылым бар. Мұндай сәлемдемелерді рәсімдеу үшін барлық кедендік түзетулер енгізілген. Біз таяу жылдары Қазақстан арқылы интернет-сәлемдеме транзитін 6 есеге ұлғайтуға болады деп есептейміз», деді министр.
Министрдің айтуынша, онлайн-сауданы ынталандыру үшін интернетте электронды әдіс арқылы сауда жасайтындарға табыс салығы мен корпоративтік табыс салығы бірнеше жылға алынып тасталған. Экспортқа арналған тауарларды декларациялау да жеңілдетілген. Алдағы уақытта интернет арқылы сатып алынатын пошта құжаттары немесе сәлемдемелер көтерме рәсімделуі мүмкін. Енді пошта құжаттары декларация ретінде танылады. Электронды сауда өте қарқынды дамып келеді және барынша тиімді сектор саналады, – деді Р.Дәленов.
Министрліктің мәліметінше, елімізде тұтынушылардың құқығын қорғау институты күшейтілуде. Электронды саудадағы сатып алушы кәдімгі саудадағыдай қорғалады. Соның нәтижесінде былтыр оның бөлшек саудадағы үлесі 1,9-дан 2,9 пайызға немесе 92 млрд теңгеге ұлғайыпты.
Осы жиыннан кейін Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз конференциясы өтті. Ұлттық экономика министрі баспасөз мәслихатында ауылдарды дамытуға қатысты «Дипломмен ауылға!» бағдарламасына деген сұраныс жыл сайын артып келе жатқандығын мәлімдеді.
Біздің министрлік «Дипломмен ауылға!» бағдарламасының әкімшісі болып табылады. Жыл сайын осы бағдарлама арқылы 5 мың азамат көмек алады, деді министр.
Р.Дәленовтің айтуынша, бағдарламаға қатысуға өтініш жиі келіп жатыр. Соған сәйкес, биылғы жылы бюджет қаражаты кепілге қойылып, 5 мыңға жуық адам «Дипломмен ауылға!» бағдарламасын пайдалана алады.
Министр алдағы халық санағына да тоқталып, науқанда пайдаланылатын планшеттер мектептерге берілетіндігін жеткізді.
– Халық санағы келесі жылы болады, оған жалпы сомасы 9 млрд теңге жұмсау жоспарлануда. Егер 10 жыл бұрынғы халық санағымен салыстырар болсақ, шығыстар сомасы біршама төмен. Негізгі қаражат ақпараттық жүйеге және құрал-жабдықтар мен санақты өткізуге қажетті планшеттер сатып алуға жұмсалады. Қағаз сатып алынбайды. Сатып алынса да өте аз, бланкінің өзі электронды түрде болады, – деді ол.
Осы ретте министр санақ жүргізуге алынатын планшеттер кімдерге берілетініне тағы да тоқталды. «Планшеттер комитет (Статистика комитеті) жұмысына пайдалануға беріледі. Сонымен қатар олардың басым бөлігі Білім және ғылым министрлігі жүйесіне, яғни мектептерге беріледі. Сондықтан санақ жүргізуге сатып алынатын құрал-жабдықтар кейін де кәдеге жарайды», деді министр.
Петропавлда жаяу жүргінші көлік астына түсті
Аймақтар • Кеше
Пандемия аяқталғаннан кейін коронавирустық инфекция неге айналады?
Коронавирус • Кеше
Асқар Мамин жаңа министрлерді таныстырды
Үкімет • Кеше
Қызылордада мемлекеттік бөбекжай-бақша ашылды
Аймақтар • Кеше
Open Shymkent бірыңғай сервис порталы құрылады
Аймақтар • Кеше
Банкте ипотекасы бар азаматтарға салық жеңілдігі беріледі
Экономика • Кеше
Кәсіпкерлер «Almaty Business - 2025» бағдарламасын пайдалана ала ма?
Экономика • Кеше
Ресейде тұрғындарды қар басып қалды
Әлем • Кеше
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамында ротация жасалды
Саясат • Кеше
«Almaty Finance» бизнеске қолдау көрсету бағдарламалары кеңейтілді
Экономика • Кеше
Доллардың ертеңгі құны қандай болады?
Экономика • Кеше
Шымкентте бұқаралық спортпен айналысушылар саны артады
Аймақтар • Кеше
"Бедеуліктен емдеймін" деген әйелге сот ісі басталды
Оқиға • Кеше
Мұхтар Тілеуберді қос қызметті қатар атқармақ
Тағайындау • Кеше
Ұлттық экономика министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкіметтің жаңа құрамы жарияланды
Қазақстан • Кеше
Шетелдіктердің Қазақстанда уақытша тұру мерзімі ұзартылды
Қазақстан • Кеше
Атырауда шикізаттық емес өнімдер экспортының көлемі артады
Экономика • Кеше
Атырауда 558 мас жүргізуші жазаланды
Аймақтар • Кеше
Алматыда Қуат Хамитовтың соты өтіп жатыр
Спорт • Кеше
Словакияда тұрғындарға серуендеуге тыйым салынды
Әлем • Кеше
Қызылордада абақтыдағылар астау жасап жатыр
Аймақтар • Кеше
Экс-депутат QazIndustry-де жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қазақстанда ерікті вакцинадан қайтыс болса қанша теңге төленеді?
Медицина • Кеше
Нұр-Сұлтанда қалалық парктер 2021 жылы қалай түрленеді?
Елорда • Кеше
Алматыда модульді госпиталь қайта ашылады
Аймақтар • Кеше
Президенттің апталық жұмысына бейне шолу
Видео • Кеше
Қар құрсауынан 50-ден астам көлік құтқарылды
Қоғам • Кеше
Мефедрон сатқан екі петропавлдық ұзақ жылға сотталды
Аймақтар • Кеше
«Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Экс-депутат бас басылымға қызметке келді
Тағайындау • Кеше
Қостанайда сирек кітаптар көрмесі ашылды
Әдебиет • Кеше
Биыл Шымкентте 36 маршрут субсидияланады
Аймақтар • Кеше
Үстел теннисінен ел чемпиондары анықталды
Спорт • Кеше
Бокстан ел біріншілігі басталды
Спорт • Кеше
Алматыда 500-ден астам бизнес нысандары тексерілді
Қоғам • Кеше
Қызылордада есірткі тасымалдаған тұрғын ұсталды
Аймақтар • Кеше
Ұлы сарынның сарқыты – Жамбыл жырау
Руханият • Кеше
Сенаторлар жол қозғалысына қатысты заң жобасын қарайды
Үкімет • Кеше
Үйді бөлісе алмаған балалары анасын соққыға алған
Қоғам • Кеше
Телемұнарадан түсе алмай қалған жігіт құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Қапшағайдағы мұз жамылғысы желі қолданушыларының назарын аудартты
Фотогалерея • Кеше
Шымкентте карантин талаптарын бұзғандарға айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Теміржол билеттері қымбаттайды
Қазақстан • Кеше
Түркі елдері халықаралық ұйымдары Әзербайжанға барды
Руханият • Кеше
Ауа райы • Кеше
Көлсай мен Қайыңдыда коньки тебуге бола ма?
Экология • Кеше
Ұқсас жаңалықтар