Министрлік тарапынан оқиға орнына арнайы комиссия жөнелтілді. Ресми мәліметке сай, Қарулы күштердің жеке құрамы апатты жою және салдарын азайту бойынша шаралар қабылдап жатыр.
Айта кетейік, бүгін Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болды.