Аймақтар • 24 Маусым, 2019

Арыс тұрғындары қайда және қалай эвакуациялануда

539 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлім қоймасында болған жарылысқа байланысты қала тұрғындары жаппай эвакуациялануда. Бұл жайында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арыс тұрғындары қайда және қалай эвакуациялануда

 «Арыс қаласы әкімінің өкімиімен халықты Арыстан  50 шақырым жердегі Мұнтайтас ауылдық округіне эвакуакциялау жүргізіліп жатыр. Бұл үшін 20 автобус жұмылдырылған. СОнымен қатар халықты эвакуациялау үшін Шымкент қаласының әкімдігі 36 автобус жіберді. Шымкент қаласында 15 эвакуациялау бекеті құрылды. Қазіргі уақытта Арыстан 17 бала жеткізіліп, самал-3 шағын ауданындағы Назарбекова атындағы №87 мектепке орналастырылды»,  деді ол. 

Оның атап өтуінше, оқиға орнына жұмылдырылған азаматтық қорғаныс күштерінің іс-қимылын үйлестіру мақсатында өңірге ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы, генерал-майор  Владимир Беккер аттанып кетті.