Аймақтар • 24 Маусым, 2019

Арыстағы оқиғаға байланысты пойыздар кестелерінен кешігіп жатыр

518 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз орталығы хабарлады.

Арыстағы оқиғаға байланысты пойыздар кестелерінен кешігіп жатыр


Түркістан облысы Арыс қаласында болған оқиғаға байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ы «Шымкент–Арыс–Темір» жол учаскесінде пойыздардың кестеден тыс кешігуі туралы хабарлайды. 

«ҚТЖ» АҚ-на қарасты барлық мекемелер осы жол торабында қатынайтын барша жолаушылар пойыздарының қауіпсіздігі үшін алдын ала шараларын өткізуде. Пойыздардың кешігуі туралы ақпарат сәйкесінше вокзал кешендерінде берілуде. Сондай- ақ барша ақпаратты 105 бірыңғай қоңырау орталығы арқылы да біле аласыздар», делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, Ұлттық тасымалдаушы өз жолаушыларынан түсіністікпен қарауын сұрады.