14 Ақпан, 2013

Бірлесе күресу керек

386 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бірлесе күресу керек

Бейсенбі, 14 ақпан 2013 7:11

Қазақстан 2020 жылы жемқорлық көрсеткіштері ең төмен 60 елдің құрамына енуі тиіс. Бұл халықаралық сарапшылардың жасаған мәлімдемесі. Бұл дерт жайында осыдан мыңдаған жылдар бұрын жазылса да содан бері талай заман өзгеріп, әлем дамуы ілгерілесе де, пара берушілер мен алушылар қатары көбеймесе, азайған емес.

 

Бейсенбі, 14 ақпан 2013 7:11

Қазақстан 2020 жылы жемқорлық көрсеткіштері ең төмен 60 елдің құрамына енуі тиіс. Бұл халықаралық сарапшылардың жасаған мәлімдемесі. Бұл дерт жайында осыдан мыңдаған жылдар бұрын жазылса да содан бері талай заман өзгеріп, әлем дамуы ілгерілесе де, пара берушілер мен алушылар қатары көбеймесе, азайған емес.

Жемқорлық бұл – індет. Себебі, жемқорлық – мем­­­лекетіміздің беделіне, ұлттық қауіпсіздігіне, экономикалық дамуына, адам құқықтарының сақталуына үлкен қауіп төндіреді.

Сыбайлас жемқорлықтың деңгейін айтарлықтай төмендетіп, заңсыз ақша айналымын тоқтатуға бағытталған іс-қи­­­мылдардың елеулі табыстарға жеткізген­­­­дігін Сингапур, Гонконг, Швеция мем­­­ле­­кеттері дәлелдеді. Бұл мысалдар «дертті» емдеуге болатынын, сыбайлас жемқорлықпен күрес тәсілдерінің бар екендігі және принципті әрі жүйелі сипатқа ие болған жағдайда, олардың айтарлықтай тиімді болатынын дәлелдей алды.

Осыған сәйкес, қазіргі таңда елімізде барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар өз құзыреттері шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті.

Бұл ретте, Астана қаласы Алматы ауда­нының төтенше жағдайлар басқармасы тарапынан жемқорлықтың алдын алу бойынша тұрақты түрде жұмыс атқарылуда, «Нұр Отан» ХДП, прокуратура, қаржы полициясы қызметкерлерімен бірге семинарлар, дөңгелек үстелдер, лекциялар өткізіледі. Басқарма қызметкерлерімен, басшылар тарапынан жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында күнделікті нұсқаулық жүргізіліп, арнайы журналға тіркеліп отырады. Осылайша біздің ұжым сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте табандылық көрсетіп, еліміздің нығайып, гүлдену жолында, өзіне жүктелген барлық міндеттерді абыроймен атқаруда.

Орал ӘБДІРАХМАНОВ,

Астана қаласы ТЖД Алматы

ауданы ТЖБ МӨББ бастығы.