Саясат • 24 Маусым, 2019

Мемлекеттік қызмет электронды форматқа ауысады

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев халыққа есеп беру кездесуінде әлеуметтік еңбек саласын цифрландыру барысы туралы айтып берді.

Мемлекеттік қызмет электронды форматқа ауысады

 Оның айтуынша, бүгінгі таңда Еңбек министрлігіндегі 38 мемлекеттік қызметте 12-сі электрондық форматта, 3-еуі белсенді, 7 қызмет композитті, кешенді түрде көрсетіледі. Мәселен, бала тууына байланысты жәрдемақы тағайындау бойынша қызметтер өтінішсіз немесе белсенді көрсетіледі. Барлық зейнетақы төлемдері бір өтініш бойынша кешенді әрі композитті тағайындалады.

Ведомство басшысы: «Елбасы Қазақстан халқына жолдауында электронды мемлекеттік қызметтердің үлесін 2019 жылы 80%-ға, 2020 жылы 90%-ға жеткізуді міндеттеді. 2019 жылы электрондық және белсенді форматқа әлеуметтік-еңбек саласының тағы 22 мемлекеттік қызметі көшіріледі», деп атап өтті.

Еңбек саласында азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауға ықпал ететін электрондық еңбек шарттары жүйесін енгізу жөніндегі цифрлық жобаны іске асыру жалғасады.

Сандуғаш МАРАЛБАЙ,

 Журналистика факультетінің студенті