15 Ақпан, 2013

Храпуновтар байлығы қалай құралған?

320 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Храпуновтар байлығы қалай құралған?

Жұма, 15 ақпан 2013 7:19

Үстіміздегі жылдың ақпан айының соңында Храпуновтар отбасына байланысты Женева прокуратурасы қозғаған алдын ала тергеу ісі аяқталуға тиіс. Өткен жылдың қараша айында Швейцарияға аударылған ақша қаражатының бастауын табу мақсатында прокурор Жан-Бернар Шмид тергеу шараларын қолға алған болатын. Бұл іске Виктор Храпунов пен оның зайыбы Ләйла Бекетова-Храпуновадан басқа, кезінде «Swiss Development Group» компаниясының президенті болған, кейбір бұқаралық ақпарат құралдары арқылы «адал, тәртіпті кәсіпкер» ретінде жарнамаланған олардың ұлдары Ілияс та тартылды.

 

Жұма, 15 ақпан 2013 7:19

Үстіміздегі жылдың ақпан айының соңында Храпуновтар отбасына байланысты Женева прокуратурасы қозғаған алдын ала тергеу ісі аяқталуға тиіс. Өткен жылдың қараша айында Швейцарияға аударылған ақша қаражатының бастауын табу мақсатында прокурор Жан-Бернар Шмид тергеу шараларын қолға алған болатын. Бұл іске Виктор Храпунов пен оның зайыбы Ләйла Бекетова-Храпуновадан басқа, кезінде «Swiss Development Group» компаниясының президенті болған, кейбір бұқаралық ақпарат құралдары арқылы «адал, тәртіпті кәсіпкер» ретінде жарнамаланған олардың ұлдары Ілияс та тартылды.

Алғашқы кезде Храпуновтар швейцариялық құқық қорғау органдарының бұл ісіне наразылық танытып: «Швейцарияның да бұл іске араласқаны өкінішті-ақ» деп жазды. Шамалары келгенше жанталасып, қарсыласып-ақ бақты. Содан, олар Қазақстанда жүргенде ала жіпті аттамағандай, «судан таза, сүттен ақпыз» деп жар салды. Храпунов тіпті Алматының әкімі қызметінде жүрген кезінде өзінің жеке бас мүддесін мүлде  ойламағандай сыңай танытты. Ал, шын мәнісінде олардың осылайша өтірік айтуы барлық жағдайды жақсы білетін адамдардың жағасын ұстатады. Мәселен, олардың мемлекеттің мүлкін аяусыз талан-таражға салып, сатып, одан түскен қаржыны швейцариялық банкке аударғаны туралы тұтас сериялық эпизодтарды бірінен соң бірін келтіруге болады. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында да кеңінен қамтылып жазылуда.

Алматы қаласындағы балалар бақшасы ғимаратын жекешелендірудегі  айлакерлігі олардың қулығын тағы бір дәлелдейді. Балалар бақшасы ғимараты тендерге қойылған соң ол Ләйла Бекетованың толық бақылауымен көптеген коммерциялық құрылымдардан өтеді. Содан кейін арзан бағамен оның өзіне қайта сатылып, қолына тиеді. Одан арғысы белгілі, құдыретті күйеуінің небір амалдары арқылы қолына түскен мемлекеттік ғимараттарды асыра қайыра сатып, қаржатты Эльмира атты қызының атына швейцариялық банкке аудара салды.

Бұл арада табиғат қорғау аймағындағы жер телімін мемлекеттік қордан шығарып, көптеген жалған коммерциялық фирмалардан өткізіп, ақыр аяғында сатудан түскен қаражаттар, жоғарыда айтылған бизнестері осы қаржыға құрылған Эльмираның және Ілияс Храпуновтардың  есебіне енеді. Жалпы, Эльмираның тегі әртүрлі екен. Біресе Кудряшова, енді бірде Бекетова, сосын Храпунова, болмаса Белмадани деп бірнеше фамилияны арқалап алған. Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қулықпен жасалған жемқорлықтар десек, олардың «берсең – қолыңнан, бермесең – жолыңнан» дейтін де амалдары бар екендігі тергеу барысында анықталды. Мұны тергеушілер «рейдерлік» дейді. Мәселен, «Shadid Engineering» ЖШС иелігіндегі жерлер қала әкімінің өкімімен «мемлекеттік қажеттілікке» деп алынып, артынша бір айдан кейін Храпунов өзінің өкімімен әлгі жер телімдерін өзінің «отбасылық» фирмаларына сату үшін жабық саудаға салады. Ал кейін бұл фирмалардың өзін сатқаннан кейін көкала көп ақша Швейцариядағы банк­терге жол тартады.

Міне, Виктор Храпунов оңтүстік астананы басқарып тұрғанда мемлекеттік мүліктер осылайша түсініксіз айналымға түсіп кетіп, құрдымға батып жатты. Одан оларды ешкім қайтып шығара алмады, ол кезде іздейтін де жан болмады. Өйткені, Храпуновтың өзі би, өзі қожа еді. Сондықтан, оның түкірігі жерге түспей тұрғанда біреудің «әй, сен не істеп жатырсың?» деп сұрауға батылы жетпеді. Ал ішерін ішіп, аларын алып тайып отырған соң қылышты тасқа шабудан басқа амал қалмай тұр. Бірақ, Храпуновтың кезінде Қазақстанда жүріп, ең биік құрметті лауазымдарды иеленіп алып, жымын білдірмей ішер суды лайлап кеткені ыза-кекті қоздыра түседі. Ал Храпунов секілді талай арамзалардың арада жүріп көп дүниені түгімен асап кеткені еске түскенде мұндай үрдіс қашанғы жалғаса береді деп тіптен налисыз.

Жалпы, Алматы Виктор Храпунов үшін қылмыстық жолдағы ерекше де айрықша баспалдақ болды. Ол бұдан кейін де Шығыс Қазақстан облысына келіп, оңтүстікте сыннан өткен  осы жобасын айналымға жіберді. Құқық қорғушылар тілімен айтқанда, облысқа келіп орныққан жаңа әкім, ең алдымен, «тұғыры мықты қылмыстық топты» тобығынан қаққан екен. Бұл үшін оған аса көп күш жұмсаудың да қажеті болмады. Өйткені, Алматыдан бірге ертіп келген қолшоқпарлары күшті еді. Ол бағыныштылары талай істе сыналып, әбден шыңдалған болатын. Сондықтан, оларға бірден ең жауапты міндеттер жүктелді. Атап айтқанда, яғни тергеушілер құжатында көрсетілгендей, «жылжымайтын мүліктерді мемлекеттік жеке меншіктен заңсыз шығарып, одан соң қылмыстық жолмен иеленген мүліктер мен материалдық қаржыны заңдастыру» болды. Мұның бәрі табысты жүргізілгені соншама біреулерге жаңа әкім керемет жұмыс істеп жатқандай көрініпті.

Оған қосылған оның зайыбы «алымды әрі табысты кәсіпкер» ретінде ойына келгенін жасады. Өйткені, олар тергеушілердің айтуына қарағанда, мемлекеттік меншікті өздерінікі ғана деп санаған дүмше түсініктеріне сай арам әрекеттеріне шек қоймаған. Храпуновтың сол кезде назары әуелі «Жәрдем» Шығыс Қазақстан инновациялық орталығы» ЖШС-не түскен. Өйткені, осы «Жәрдемнің» балансында Өскемен қаласының орталығында орын тепкен бірқатар әкімшілік ғимараттар болған. Содан бұған қызыққан жаңа басшы әлгі «Жәрдемге» өзімен бірге ерте келген Қарымсақов дегенді директор етіп бекітеді. Сөйтеді де аймақты инновациялық тұрғыдан дамыту керек деген желеумен ЖШС территориясына сауда үйлері мен қойма ғимараттарын салуды тапсырады.

Артынша әлгі супермаркеттерді тұрғызуды «Свис Казах Феникс Групп» деген халықаралық аты бар көп салалы фирма қолына алады. Сөйтсе, оның құрылтайшысы Ләйла Храпунова екен. Оның есебі бойынша құрылыстың әрбір бөлшегі ондаған миллион теңгеге бағаланған. Мұндай бағалы заттарды алу үшін Қарымсақов Айяр дегеннен қарыз алады. Сонан ақыр аяғында айналып келіп «Жәрдем» ЖШС әлгі Айяр дегеннің қолына өтеді. Ол қолына түскен мүлікті тез арада қымбат бағамен сатып жібереді. Түскен ақша біртіндеп Ләйла Бекетоваға өтіп, ол өз кезегінде оны белгілі әдіспен швейцариялық банкке тоғытып жібереді. Онда оны Эльмира Викторовна қағып алады. Бітті. Не болып, не қойғанын Храпуновтардан басқа ешкім де сезбей қалды.

Әрине, Ләйла Храпунова Өскеменде күйеуіне көмектескенмен Алматыдағы қалған шаруаларын да тындыруды ұмытпады. Мәселен, оның атында «VILED International» атты фирмасы болғаны белгілі. Ол фирманың қарауында зергерлік бұйымдарды сатумен айналысатын көлемі 222 шаршы метрлік түрлі ғимараттар болды. Фирманың жарнамалық алаңдары қаланың кез келген көрікті, көзге түсетін бұрышынан орын алды. Осынша иен байлықтың қожайыны жалғыз Ләйла Бекетова еді. Бірақ ол мұның бәрін байлық деп есептемеді. Ол үшін Алматы қаласын түгел иемденіп алу керек еді. Сондықтан, оның қарамағына тағы да 705 шаршы метрді қамтитын сауда ғимараттары өтті. Бұған қоса оған су тегін сатылған «Самал-2» шағын ауданындағы сауда орындары тиді.

Бұлармен қоса яғни зергерлік кәсіптің қызу жандануымен қатар, өзге де қомақты пайдасы бар жобалар гүлдене бастады. Қаланың бас тізгіні Виктор Храпуновтың қолында тұрғанда Ләйла атына өткен Алматы экономикалық университетіне ойламаған жерден «ғайыптан тайып» көлемі 1189 шаршы метрді құрайтын Гоголь көшесінің бойындағы қалалық коммуналдық шаруашылық мекемесі ғимаратын сатып алудың сәті түседі. Сәтті болғаны соншама, бұл алып ғимарат та оған су тегінге түседі. Бұл керемет ғимараттардың өзі су тегінге түсіп жатқанда, олар орналасқан жер телімі тіптен арзан бағамен, яғни тегін берілді десек те болады.

Иә, Виктор Храпуновқа, Ләйла Бекетоваға, Эльмира Белмаданиге, Ілияс Викторович және Даниел Храпуновтарға мұндай тағылған айыптарды шексіз тізіп келтіре беруге болады. Бірақ, одан кеткен шығынның орны әзірше толмасы анық, сондықтан да жемқорлық әрекеттерін ел біле жүргені жөн.

Алмас БОЛАТОВ.