Аймақтар • 24 Маусым, 2019

Арыстағы жарылыс: №87 мектептегі эвакуациялық бекетке 12 бүлдіршін жеткізілді

392 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сағат 12:00- ден өте Шымкент қаласындағы №87 мектепке Арыстағы «Алтын тұмар» бөбекжайынан 12 бала жеткізілді.

Арыстағы жарылыс: №87 мектептегі эвакуациялық бекетке 12 бүлдіршін жеткізілді

Бүлдіршіндер спорт залында емін-еркін ойнап жүр. Түсірілім  барысында  мектептің жанындағы №55 балабақшадан ыстық тамақ жеткізілді. Балалар  тамақтандырылды. Әзірге екі баланы туыстары алып кетті. Солардың бірі – Ермек Бақдәулеттің әжесі.  Арыстық түрғынның айтуынша, малын да, үйін де жайына қалдырып, немерлерін іздеп Шымкенттен бір-ақ шыққан. 

«Арыстағы «Алтын тұмар» бөбекжайынан 12 баламен шұғыл түрде  көлікпен Шымкентке жеткізді. №87 мектепке орналастық. Балалардың жағдайы жақсы. Біз болсақ алаңдаулымыз. Балалардың киімін де алмағанбыз. Қазір  осындағы балабақшадан киім жеткіземіз деді. Рахмет, барлықтары қолдарынан келген көмекті көрсетуде. Ауылда қалғандарды уайымдап жатырмыз», деді тәрбиеші Гүлфайруз Әлжұманова.

№87 мектепке  жеткізілген арыстық бүлдіршіндердің  тізімі: Өмірхан Гүлім, Өмірхан Нұрым, Бимбай Маржан, Досболат Медет, Мейіржанқызы Нурикамал, Өтеген Омар, Ахметова Камила, 3 бала  есімдерін айта алмады.