«Тек соңғы бір сағатта 1616 адам эвакуацияланды. Әрине ата-анасынан көз жазып қалған кішкентай балалар бар. Барлық жинау бөлімдері бойынша, Шымкенттің барлық аудандарында арнайы жұмыс тәртібін ұйымдастырдық. Адасқан балалардың фотосуреті Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтына салынып отырады. Бұл арқылы баласымен қауышып жатқандар бар. Бұл жұмыстарды жалғастырамыз», деді әкім.