Аймақтар • 24 Маусым, 2019

Қарағанды облысы Арыс тұрғындарына 10 тонна жүк жөнелтті

633 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысы Арыс қаласындағы жарылыстан зардап шеккендерге алғашқылардың бірі болып көмек қолын ұсынды.

Қарағанды облысы Арыс тұрғындарына 10 тонна жүк жөнелтті

Он тонна гуманитарлық жүк тиеген алып ұшақ кеншілер астанасындағы «Сарыарқа» әуежайынан ұшып шығып, Түркістан облысын бетке алды. Жүктің ішінде азық-түлік, әуелгі қажеттілік заттары бар.

Еске салсақ, 24 маусым күні таңертең Түркістан облысындағы Арыс қаласында орналасқан әскери бөлімде алапат жарылыс болды. Соның салдарынан, аталған өңірде төтенше жағдай жарияланды. Арыс қаласына ҚР ІІМ бөлімшелеріне қарасты жеке құрамның 463 қызметкері мен 53 техника бірлігі жіберілді. Қала тұрғындары қауіпсіз жерлерге көшірілді. 

         

Қарағанды облысы