Қазақстан • 25 Маусым, 2019

Құттықтаулар легі жалғасуда

314 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануына орай құттықтау жеделхаттары келіп жатыр, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Құттықтаулар легі жалғасуда

Иордания Королі ІІ Абдалла Қа­зақстан­ның дамуы мен гүлде­нуіне, Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұ­мысы табысты болуына тілек­тестік білдірді. 

«Иордания халқы біздің ел­дері­­міздің ара­сындағы достық өзара қатынастарды, екіжақты ын­­ты­мақтастықты одан әрі ны­ғай­туға мүдделі», делінген Иор­да­ния Королінің құттықтау хатында.

Марокко Королі VI Мұхаммед Қа­зақстан Президентіне жолда­ған құт­тықтауында жемісті ынтымақ­тас­тықта болуға дайын екенін жет­кізді.

«Біздің елдеріміздің арасын­дағы ерекше достық өзара қаты­настарды нығайту жолында Өзің­ізбен бірге жұмыс істеуге әзірмін», деп жазды Марокко билеушісі.

Венесуэла Рес­пуб­ликасының Президенті Нико­лас Мадуро Мемлекет басшысын құт­тықтап, Қазақстан халқына зор жетістіктер ті­леді.

«Қазақстан Республикасына өрлеу мен бақ-береке тілеймін. Мен біздің достық негіздегі әрі өзара сыйластықтағы қатынас­тары­мызды ны­ғайтуға ниеттімін», делінген жеделхатта.

Израиль Президенті Реувен Рив­лин өзінің құттықтауында Қа­сым-Жомарт Тоқаевты өз еліне рес­ми сапармен келуге шақырды.

«Сіздің президенттік кезіңізде Қазақстан мен Израиль арасындағы достық және іскерлік байланыстар одан әрі нығая түсетініне сенім­дімін», деп атап өткен Израиль Президенті.

Испания Үкіметінің төрағасы Педро Санчес Қасым-Жомарт То­қаевты құттықтап, екіжақты әріп­тес­тіктің жоғары деңгейін айтқан.

«Менің Үкіметім халық­тары­мыздың игілігі үшін елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты ны­ғайтып, тереңдету жұмыстарын жалғас­тырады», деп жазған Пед­ро Санчес.

Андорраның Премьер-ми­нистрі Хавьер Эспот За­мора Қасым-Жомарт Тоқаевқа табыс тілеп, ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін білдірді.

«Соңғы жылдары дамудың жаңа дең­гейіне көтерілген халық­тарымыз арасындағы екі­жақты қарым-қатынастарды тереңдету мақсатында өзара тиімді екіжақты ынты­мақ­тастықты ны­ғайтуға мүд­делі екенімізді растаймын, – делін­ген Хавьер Эспот Замораның жеделхатында.

Сонымен қатар Қасым-Жо­март Тоқаевтың атына өз құттық­тау­ларын КАРИКОМ Бас хатшысы Ирвин Ла Рок, Халықаралық сауда орталығының атқарушы дирек­торы Аранча Гонзалес, Орта­лық Азиядағы Еуропалық одақ­тың арнайы өкілі Петр Буриан, Кубаның Мемлекеттік кеңесінің және Министрлер кеңесінің төр­ағасы Мигель Диас-Канель Бер­мудес, Канаданың Генерал-губер­наторы Жюли Пайетт, Бахрейн Корольдігінің тақ мұрагері-Пре­мьер-министрдің бірінші орынбасары Салман бин Хамад әл Халифа, Румыния Депутаттар па­латасының төрағасы Ион-Марсель Чолаку, Үндістанның бұрынғы вице-президенті Мохаммад Хамид Ансари, Канада Парламентінің сенаторы, Канада-Қазақстан пар­ламентаралық достық тобының тең төрағасы Джозеф Дей, Португалия Республикасы Ассамблеясының депутаты Жуао Баррозу Суареш, Үндістан Парламентінің мүшесі Шаши Тарур, Португалиядағы Мая қаласының Қалалық кеңесінің төрағасы Антониу Браганса Фер­нандеш жолдады.