Саясат • 25 Маусым, 2019

Президенттің сайлауалды бағдарламасының іс-қимыл жоспарын іске асыру – Үкіметтің негізгі міндеті

159 реткөрсетілді

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Президенттің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасын және «Бірге» жалпыұлттық акциясы барысында азаматтардан алынған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын орындау шаралары қаралды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралардың нақты жоспарын қабылдады. Үкімет өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу шараларын әзірледі. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов пен Премьер-Министрдің орынбасары Ж. Қасымбек баяндама жасады. 

«Азаматтардың әл-ауқатын арттыру – Үкімет жұмысының бірінші кезекті мақсаты», деп Асқар Мамин, барлық мемлекеттік органдарға Президенттің сайлауалды бағдарламасының іс-қимыл жоспарының міндеттерін шешуге жауапкершілікпен қарауды тапсырды. Іс-қимыл жоспарын уақытылы әрі сапалы орындау азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз етіп, әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. 

Үкіметтің Жоспарды орындау жөніндегі жұмысы сайлауалды науқанының қағидаларына жауап береді: сабақтастық, әділдік, өрлеу. «Сабақтастық» қағидаты аясында Үкімет жұмысы еліміздің дамуының жаңа кезеңінде Елбасы бағдарын тиімді жалғастыруға бағытталады, бұл: 2050 жылға дейінгі Стратегияны, «100 нақты қадам» ұлт жоспарын, Елбасының әлеуметтік бастамаларын орындау, сондай-ақ, қоғамдық келісімді қамтамасыз ету және жалпыұлттық бірлік тетіктерін нығайту. 

«Әділдік» қағидасы сот жүйесін одан әрі жетілдіру, қоғамдық қауіпсіздікті арттыру, барлық деңгейде жемқорлықты түп-тамырымен жою арқылы қамтамасыз етіледі. Бұдан өзге, әлеуметтік қамсыздандырудың тиімді жүйесі, халыққа білім берудің заманауи стандарттары енгізіледі, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі артады, сапалы жұмыс орындарын құру шаралары қабылданады. 

«Өрлеу» қағидаты аясында халықтың әл-ауқаты одан әрі жақсартылады, ауылдарды дамыту, бизнесті қолдау, экологиялық жағдайды жақсарту, қаржы жүйесінің тиімділігін арттыру шаралары қамтамасыз етіледі. Өрлеудің қозғаушы күшіне айналуы тиісті, елдің дамуындағы жастардың рөлін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. 

«Біз, әсіресе әлеуметтік сипаттағы мәселелерді шешуде белсенді позицияны ұстануымыз керек, деп А. Мамин, Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді халықпен бірлесе іске асыруды тапсырды. — Мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері мүлтіксіз және толық көлемде орындалуы тиіс». 

Үкімет басшысы мемлекеттік органдарға сарапшылар қауымдастығын тарта отырып, нақты нәтижеге қол жеткізуге бағытталған нақты шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Жаны қазақ Виктория

Қоғам • Кеше

Қандастарға қамқорлық

Аймақтар • Кеше

Қытай айнасының құпиясы

Аймақтар • Кеше

Өнер қонған өлке

Аймақтар • Кеше

Тасқа қашалған жыр

Аймақтар • Кеше

Инфляция ырыққа көне ме?

Экономика • Кеше

Алматыда жарық сөніп қалды

Аймақтар • 15 Шілде, 2019

Ұқсас жаңалықтар