Спорт • 25 Маусым, 2019

Күрес: Әлем чемпионатының билеттері сатылымға шықты

630 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күрестің үш түрінен əлем чемпионаты үстіміздегі жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы «Барыс-Арена» спорт кешенінде өтетіні белгілі.

Күрес: Әлем чемпионатының билеттері сатылымға шықты

Қазіргі кезде осы жарыстың билеттері  Kassir.kz, Ticketon.kz  жəне Zakazbiletov.kz. сайттары арқылы сатылымға шықты. Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік дода ең мықты балуандардың басын қосады. Айтулы бәсекеде жүлделермен қатар 2020 жылы Токиода алауы тұтанатын Олимпия ойындарының да жолдамалары сарапқа салынады. 

– Нұр-Сұлтандағы дүбірлі доданы тамашалау үшін әлемнің əр қиырынан көптеген жанкүйерлер келеді деп күтілуде. Сондықтан да өз отандастарымызға «қазірден бастап, билет сатып алыңыздар» деп кеңес береміз. Билеттер бағасы қолжетімді – 1 000 мен 10 000 аралығында. Шетелде өтетін осындай деңгейдегі жарыстармен салыстырғанда, бұл əлдеқайда арзан. Бүгінгі таңда күрес түрлері федерациясына əлемнің көптеген елдерінен билет алу жөнінде ұсыныстар түсуде. Əсіресе, Ресей ерекше белсеңділік танытуда. Бірақ бізде билеттерді сату мүмкіндігі жоқ. Сол себепті де билеттерді ресми дистрибьюторлар арқылы сатып алған жөн. Егер біз құқылы болғанда күрес түрлері федерациясының мұрындық болуымен өтетін барлық жарыстардағыдай əлем чемпионатының да билеттерін тегін тарататын едік – дейді республикалық күрес федерациясының бас хатшысы Анатолий Волоха.