Аймақтар • 25 Маусым, 2019

Алматыда «Диалог. Деректер. Сандық қауіпсіздік» семинары басталды

689 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы Бағдарламалар офисінің Орталық Азия елдерінің, сондай-ақ, Ауғанстан мен Моңғолия студенттерінің қатысуымен Орталық Азия жастар желісінің он үшінші «Диалог. Деректер. Сандық қауіпсіздік» атты семинары өз жұмысын бастады.

Алматыда «Диалог. Деректер. Сандық қауіпсіздік» семинары басталды

Семинардың тақырыбы Орталық Азиядағы инновациялар, цифрландыру, жаңа технологиялар және іскерлік мүмкіндіктер туралы мәселелерді қамтиды.

Орталық Азия елдері үшін маңызды ортақ тақырыптар сараланатын басқосуға ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы Бағдарламалар офисінің басшысы Елші Дьердь Сабо, ЕҚЫҰ Төрағалығының Жастар және қауіпсіздік жөніндегі арнайы өкілі Самуэль Года, Украина, ашық деректер және ақпаратқа қол жетімділік бойынша сарапшысы Надия Бабинска, Өзбекстан, Hook.report тәуелсіз онлайн БАҚ-тың негізін қалаушы және бас редакторы, журналист Дарина Солод, Қазақстанның Қаржыгерлер қауымдастығының Қаржылық технологиялар және инновацияларды дамыту орталығының директоры Константин Пак, белгілі кәсіпкер, блогер Жанна Ильичева сынды сарапшылар қатысуда.

Күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелерді қамтуға бағытталған форум аясында студент жастарға әр түрлі сала бойынша семинар сабақтар өкізіледі. Семинар жұмысы бейсенбі күні аяқталмақ.


АЛМАТЫ