Тосқауыл
Сенбі, 2 наурыз 2013 8:25
Теңіз жолы, әуе мен құрлық жолдары арқылы үздіксіз тасымал, мігірсіз қарым-қатынастың нүктесіне айналған Маңғыстау облысында кеден қызметкерлеріне тыным жоқ.
Мәселен, Біріккен Араб Әмірлігінен Оңтүстік Қазақстан облысына бағыт алған тауарлардың құжатында автокөлік шиналары мен бөлшектері, жиһаздар, ыдыстар мен киім-кешек, аяқ киімдер деп көрсетіліпті. Ал кеденшілер оны тексеріп қараса, іші толған түрлі телевизор, компьютер, монитор, принтер, шетелдік автокөліктердің бөлшектері екен. Тіпті, тексеріс кезінде 35 жастағы азаматтан пневматикалық қару да табылды.
Сенбі, 2 наурыз 2013 8:25
Теңіз жолы, әуе мен құрлық жолдары арқылы үздіксіз тасымал, мігірсіз қарым-қатынастың нүктесіне айналған Маңғыстау облысында кеден қызметкерлеріне тыным жоқ.
Мәселен, Біріккен Араб Әмірлігінен Оңтүстік Қазақстан облысына бағыт алған тауарлардың құжатында автокөлік шиналары мен бөлшектері, жиһаздар, ыдыстар мен киім-кешек, аяқ киімдер деп көрсетіліпті. Ал кеденшілер оны тексеріп қараса, іші толған түрлі телевизор, компьютер, монитор, принтер, шетелдік автокөліктердің бөлшектері екен. Тіпті, тексеріс кезінде 35 жастағы азаматтан пневматикалық қару да табылды. Сөйтіп, яғни, Ақтау халықаралық теңіз сауда портынан ірі көлемдегі экономикалық контрабандалық тауарлар шығып жатқандықтан қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Заңсыз тауар тасымалдап, олжаға белшесінен батамын дегендерге кедергі кеденнен келіп тұр.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Маңғыстау облысы.