Аймақтар • 26 Маусым, 2019

Караоке-такси қызметі жергілікті тұрғындар тарапынан сұранысқа ие

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өркениет жаңалықтарынан қалғысы келмеген өңірдегі тұңғыш «караоке-таксист» ауылдастарына жаңа қызмет түрін ұсынып отыр.

Караоке-такси қызметі жергілікті тұрғындар тарапынан сұранысқа ие

Данияр Сатыбалдин облыс орталығынан үш жүз шақырымдай жерде орналас­қан Айыртау ауданында тұ­рады. Он жылдан бері жо­лау­­­шы тасымалдаумен ай­налысып келеді. Өз ісі­не тия­нақты қарапайым маман­дық иесі жуырда «темір тұл­па­рының» ішін арнайы аппаратурамен, экранмен, микрофонмен, әндер жазылған кі­тапшамен жабдықтап, караоке-таксиге айналдырды.

«Алыс жолға шыққан жо­лау­шыларға бір сәт болса да көңіл күйін кө­теретін қуа­­ныш сыйлағым келді. Ой­ластыра келіп, осы қызмет түрін таң­дадым. Кез келген әнді жүрек қалауы бойынша таңдай алады. Өзім­нің де «әу» дейтін өнерім бар. Қосылып та айтатын кезіміз болады. Ән шырқау тасымал құнына еш әсер етпейді. Бастапқыда менің бұл «әпенді» қы­лығыма таңырқай қараушылар қазір үйренісіп кетті», дейді Данияр.

Оның айтуынша, әскери қыз­мет­­­керлер «Офицеры» әнін, жас­тар «Нэнси» тобының ту­ын­ды­ларын орындағанды ұна­тады. «Зеле­ноеглазое такси» әні де жиі шырқалатын көрі­неді. Шәмшінің әндерін қалайтындар да аз емес.

Караоке-таксистің ендігі ойы – шағын автобус сатып алып, осы қызмет түрін жетіл­діру.

 

Солтүстік Қазақстан облысы