Аймақтар • 26 Маусым, 2019

Маңғыстауда жоғалған адамдар табылды

468 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2019 жылдың 20 маусымында Жаңаөзен қаласының тұрғындары 1967 жылы туылған қос азамат «Газель» автокөлігімен Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Оймауыт ауылына мал алып келуге жолға шыққан. Тумаларының айтуы бойынша, 21 маусым күні сағат 08.30-да Бейнеу ауданы Боранқұл ауылынан шыққандығы туралы телефонмен хабарлаған. Содан кейін хабар болмаған.

Маңғыстауда жоғалған адамдар табылды

Бейнеу ауданындағы туыстарынан құралған 2 іздестіру тобымен 23 маусым күні сағат «Газель» автокөлігі Қарасай сайының «Дәуқара» моласының маңынан табылған.

Жалпы жоғалған азаматтар туралы ақпарат 23.06.2019 жылы Бейнеу ауданының төтенше жағдайлар бөліміне түсті. Түскен хабарлама бойынша Бейнеу ауданы әкімінің тапсырмасына сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігіне тікұшақ жұмылдыруға сұраныс беріліп, Бейнеу ауданының ТЖБ бастығымен, «Акиматсервис» МКҚК басшысымен және «Бейнеу орман және жануарларды қорғау жөніндегі» ММ бастығымен жедел іздестіру тобы құрылып, 24 маусым күні «УАЗ» автокөлігімен іздестіру жұмыстарына шықты. Сол күні кешке жоғалған азаматтың біреуі Бейнеу ауылынан шамамен 180 шақырымдай жердегі Атырау облысы Жылыой ауданының аумағында орналасқан Желтау тауындағы Шолабай моласының маңынан тірі табылса, екінші азаматтың өлі денесі табылды.

Азаматтың денсаулық жағдайы нашарлап қалғанын ескеріп, Боранқұл ауылының орталық ауруханасына жеткізілді және дәрігерлік көмек көрсетіліп ауруханаға жатқызылды, қазіргі таңда үйіне жіберілді.

Қарасай сайының «Дәуқара» моласы мен Желтау тауындағы Шолабай моласының ара қашықтығы шамамен 25-30 шақырымды құрайды.

Жоғалғандардың табылуына байланысты авиотехника жұмылдырудың қажеттілігі болмаған.