Аймақтар • 26 Маусым, 2019

Семейліктер Арыс тұрғындарына көмек қолын созды

458 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Арыс қаласындағы орын алған жағдайға орай Семейде де гумнитарлық көмек көрсетуге арналған пункт ашылды. Алғашқы көмек көрсетуге қажетті заттардың тізімінде, гигиеналық заттар, консервілер, дәнді дақылдар мен макарон, су, балаларға арналған киімдер, көрпе және көрпешелер өткізуге болатынын Семейдегі Жақия Шәйжүнісов көшесі, 138 үйде орналасқан «Нұр Отан» партиясы филиалының көмекшілері хабарлайды.

Семейліктер Арыс тұрғындарына көмек қолын созды

Байланыс телефондарына келсек,   Қоғамдық қабылдау бөлімі:8 (7222) 360432, 87757464508, 87072951408.

Сондай-ақ облыс әкімі Даниал Ахметов аймақтың барлық өңірлерімен селекторлық жиын өткізіп, қала әкімдері мен аудан басшылары және ірі кәсіпорын жетекшілеріне қайырымдылық шарасына атсалысуға шақырды. Селекторлық кеңеске Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов пен тиісті сала кәсіпорындарының өкілдері де қатысып отырды.

- Арыстан 40 мың адам эвакуацияланды,-деді Даниал Кенжетайұлы,-сондықтан біз шығысқазақстандықтар бірігіп, ел болып көмек қолын созуымыз керек. Қаржылай, материалдық көмектер аса қажет. Азық-түлік, құрылыс жабдықтары да өте керек.

Сондай-ақ Семей қаласы әкімдігінің 300-ден аса қызметкері бір күндік жалақыларын көмек ретінде аударғалы отыр. Және қаладағы Достық үйінің директоры Надежда Шарованың да айтуынша Семейдегі Достық үйіндегі барлық түрлі мәдени этноорталықтар мен бірлестіктер де өздері Арыс қаласындағыларға көмек көрсетуге орай қаржылай көмек аударуда.  Семейдегі Медицина университетінің ұжымы да бірігіп, 2 000 000 теңге көлемінде қаржы аудармақшы. Және осы медицина университетінің ортопедиялық хирургиясы кафедрасының травмотолог дәрігерлері болған жерге барып, тегін көмек көрсетуді ұйғарып отыр.


Раушан НҰҒМАНБЕК,                  

«Еgemen Qazaqstan»