Аймақтар • 26 Маусым, 2019

Солтүстік Қазақстанда басқарма басшысы отставкаға кетті

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бюросы қаржы басқармасы басшысының бюджет қаржысын жымқырғанын анықтаған болатын.

Солтүстік Қазақстанда басқарма басшысы отставкаға кетті

Бізге берген ақпаратқа қарағанда лауазым иесі жер телімдерін бөлу бойынша жерге орналастыру жобасын әзірлеу жөніндегі жалған келісім-шартқа қол қойып, бір топ сыбайластарымен үлестік кәсіпорын арқылы 83 миллионтеңге мемлекет қазынасын қолды еткен. Күдіктінің әйелі 19,5 миллион теңгені қолма-қол ақшаға айналдырып жатқан жерінде ұсталған. Шенеунікке бұлтартпас шарасы қолданылып, уақытша ұстау оқшаулағышына тоғытылған. Зайыбы кінәсін толық мойындағандықтан және кәмелет жасқа толмаған екі баласы бары ескеріліп, қамауға алынған жоқ.

Жастармен кездесуде  аймақ басшысы Құмар Ақсақалов сыбайлас жемқорлықа оқиғасына орай пікір білдіріп,  бұл іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

«Қол астындағылар сыбайлас жемқорлыққа қатысты болса, басшылар қызметінен кетуі керек. Бұл–Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстанымы. Басқарма жетекшісі Ескен Әкімжанов тиісті түрде қадағалау жасай алмағанын мойындап, оның өз еркімен отставкаға кету туралы өтінішін қабылдадым», деді  Құмар Іргебайұлы.

Солтүстік Қазақстан облысы