26 Маусым, 2019

Арыстағы жарылыс кезінде босанған келіншек «Qazaqstan» арнасының эфирінде алғысын білдірді

1029 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдай кезінде толғағы ұстаған келіншекті босандырған ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері Нұр-Сұлтанға оралды. Балбөпе Өткенова, Жанат Нұржұманова, Шайза Доскеева «Таңшолпан» бағдарламасының тікелей эфирінде оқиғаның мән-жайын айтып берді.

Арыстағы жарылыс кезінде босанған келіншек «Qazaqstan» арнасының эфирінде алғысын білдірді

Айтуларынша, жарылыс кезінде қайда барарларын білмей, көпшіліктің артынан жүгіре берген. Бірнеше шақырым жер жаяу жүріп, көлігі бар жас жігітті кездестіреді. Жол бойында жүкті әйелді көлікке отырғызып, босандырып алу үшін жақын маңдағы ауылға жеткізген.

«Бірінші кездескен үйге тоқтадық. Өзіміз босандырып, кіндігін кестік. Бәрі сәтті өтті», - деді Балбөпе Өтенова хабар барысында.

Бағдарламаның жүргізушісі Әйгерім Есенәлі босанған әйелге тікелей эфирде телефон арқылы байланысқа шығып, жағдайын сұрады.

«Қызымның өмірге келуіне көмек көрсеткен жандарға рақмет! Қазіргі уақытта Қазығұрт аудандық орталық ауруханасындамыз. Денсаулығымыз өте жақсы», - деп алғысын білдірді Кенже.

Еске сала кетсек, ҚР БҒМ өкілдері ҰБТ өткізу үшін Арыс қаласына 24 маусым күні жіберілген болатын.