Қазақстан • 26 Маусым, 2019

Марат Тәжиннің төрағалығымен өткен жиында мемлекеттік рәміздерді пайдалану мәселесі талқыланды

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Марат Тәжиннің төрағалығымен өткен жиында мемлекеттік рәміздерді пайдалану мәселесі талқыланды

Комиссия жұмысына Парламент депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, қоғам қайраткерлері және ғалымдар қатысты.

Жиын барысында мемлекеттік рәміздерді пайдалану және насихаттау жөніндегі жұмыстардың жәй-күйіне қатысты Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтың, Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбектің және Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевтің есептері тыңдалды.

Сондай-ақ, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Мәдениет және спорт министрліктерінің ведомстволық наградаларын бекіту туралы ұсыныстары қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы бірқатар тапсырма берді.