Аймақтар • 26 Маусым, 2019

Қостанайдан Арысқа 30 тонналық қайырымдылық жүк артқан керуен кетті

219 реткөрсетілді

Арыс қаласында апат болған күні түске дейін-ақ Қостанайда «Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасы, аймақ әкімі Архимед Мұхамбетовтың басшылық етуімен арнайы жедел штабы құрылған еді, онда «жедел желі» телефоны жұмыс істей бастады.

«Жайсыз хабар жеткеннен-ақ Тобыл өңірінің жұртшылығы қиналған ағайынға қолдау білдіріп, қол ұшын беруге асықты.Олар жедел телефонға хабарласып, көмек бергісі келетін ұсыныстарын айтып жатыр. Жекелеген адамдар Nur Otan партиясының филиалы жанынан құрылған арнайы бекетке бара алады. Сын сәтте ынтымақ таныту маңызды» дейді «Nur Otan» партиясы ҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Жаңабай Бисимбаев.

Кеше Арыс қаласындағы азаматтарға көмек көрсету мақсатында  20 тонна ұн, 7 тонна макарон мен 3 тонна кондитерлік өнімдері авто керуені жолға шықты.

«Nur Otan» партиясының мүшелері мен мекеме қызметкерлері бір күндік еңбек жалақысын Арыс тұрғындарына көмек үшін арнайы шотқа   аударды. Қаржылай көмек көрсеткендердің арасында қостанайлық бизнес өкілдері де бар. Мысалы, жергілікті кәсіпкер, «Nur Otan»  партиясының мүшесі  Сергей Блок жағдайды естіген бойда бір миллион теңге, «Nur Otan»   партиясы Саяси кеңесінің мүшесі, Қазақстанның  Еңбек  ері Азамат Тұрсынов  және ол басшылық  ететін «Қарасу» компаниясының  қызметкерлері  3,5 миллион тенге аударды.   20 тоннадан астам ұнды «Олжа- Агро» жауапкетшілігі шектеулі серіктестігі арнайы көлікке тиеп жөнелтті.

«Олжа-Агро» серіктестігі  мұнымен шектелмейді, аптаның соңына дейін тағы 40 тонна ұн жөнелтетін боламыз»  дейді  шаруашылық   басшысы Айдарбек Ходжаназаров. «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері қабылдау бекетінде күндіз-түні жұмыс істейді.

«Көптеген қостанайлықтар азық-түлік, басқа да тұрмыстық бірінші қажетті керек-жарақтар әкеледі. Облыстың қалалары мен аудандарынан, кәсіпкерлерден түскен азық-түліктер бекет басында біраз жүкке айналды» дейді партия филиалы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Әділ Дикетаев.

Арыстағы жағдай тұрақталғанша Қостанайдағы көмек бекетінің жұмысы жалғаса береді.

Соңғы жаңалықтар

Абай дүкені – Бельгияда

Руханият • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Риза Исаева

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Дәурен Дариябек

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Назерке Саниязова

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Ақылбек Шаяхмет

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Еркеғали Бейсенов

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Көгедай Шәмерхан

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Жасұлан Серік

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Ақжол Қалшабек

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Нұрбек Нұржанұлы

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Күлкі керуені № 7

Руханият • Кеше

Жақсы дәстүр жалғасады

Руханият • Кеше

Игілікті еңбек иесі

Қоғам • Кеше

Кедергісіз келешек

Қоғам • Кеше

Ұқсас жаңалықтар