Кеше Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Түркістан облысының Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты аймаққа арнайы келді. Сапар барысында ол қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындармен кездесіп, апатқа байланысты құрылған облыстық жедел штабтың жұмысымен танысты. Сондай-ақ гуманитарлық көмек бойынша өзге өңірлерден келген заттарды қарсы алу жұмыстарына қатысып, зардап шеккен ата-аналармен және балалармен жұмыс істеп жатқан психолог мамандармен кездесті.

М.Әшімбаев алдымен облыстың Ордабасы ауданы Төреарық ауылындағы Тәуке хан мектебіне ат басын бұрды. Бұл жерде төтенше жағдайдан зардап шеккен Арыс тұрғындарының бір тобы уақытша орналастырылған. Олармен кездескен партия Төрағасының бірінші орынбасары апаттың айтып келмейтінін назарға алып, жағдайдың бақылауда екенін және қаланы қайта қалпына келтіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілетінін тілге тиек етті. Сондай-ақ төтенше жағдайдың Қазақстан халқы үшін үлкен сынақ болғанын айтып, бұл сыннан да сүрінбей өтетінімізге сенім білдірді.
– Бұл төтенше жағдай қазақстандықтарды одан әрі біріктіріп, ұйыстыра түскенін көріп отырмыз. Осы жерде өз еркімен келіп, қолдау көрсетіп жүрген белсенді азаматтар да өте көп. Бұл – біздің бекем бірлігіміздің жарқын көрінісі. Біздің күшіміз – бірлікте. Сондықтан бұл сыннан да мойымай, еңсемізді тік ұстап шығатынымызға кәміл сенемін, – деді М.Әшімбаев.
Сонымен қатар ол Ордабасы ауданының Ақжол ауылында орналасқан жедел штабқа арнайы келіп, атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты. Бұл жерде апаттың зардаптарын жою жұмыстарын үйлестіру ісі қолға алынған.
Қазіргі таңда еліміздің барлық өңірінен Арысқа қарай гуманитарлық көмектер ағылып келіп жатқаны белгілі. Бұл халқымыздың бірлігі мен біртұтастығын көрсетеді. Осы істе Nur Otan партиясы да белсенді әрекет етуде.
– Қазіргі таңда партияның бастамасымен еліміздің 9 облысынан гуманитарлық көмектер келіп жетті. Алдағы уақытта бұл жұмыстар әрі қарай да жалғасады. Енді біз құрылыс материалдарын және басқа да қаланы қалпына келтіру жұмыстарына қажетті заттарды жіберу мәселесін қарастырамыз, – деген М.Әшімбаев зардап шеккендерге көмек ретінде аударылған қаражаттың ашық әрі әділ жүргізілетінін айтты. Сондай-ақ ол жағдайдың тұрақты және Мемлекет басшысының бақылауында екенін де тілге тиек етті.
Сапарының соңында М.Әшімбаев Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің №5 жатақханасына келіп, осында орналасқан балалармен жұмыс істеп жатқан психолог мамандармен кездесті.
Айта кетейік, қазіргі таңда партия жанындағы Балалар құқығын қорғау жөніндегі республикалық кеңестің мамандары апат болған аймаққа келіп, ата-аналар және балалармен жұмыс істеуде. Психологиялық көмектен бөлек, олар Кеңестің мобильді штабын құрып, аймақтардан келген гуманитарлық көмекті жинап, тарату жұмыстарын үйлестіруде. Кеңес жұмыстарының аясында «Ниет» қоғамдық қоры 2400 баланы киім-кешекпен қамтамасыз етсе, «Қасиетті жол» қоғамдық қоры ерекше күтімді талап ететін балалары бар отбасыларды уақытша тұрғын жайларға орналастырды.
Түркістан облысы
Балалар демалысына 130 миллион теңге бөлген
Қоғам • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өзге тілді сыныптарда қазақ тілі қалай оқытылады?
Білім • Кеше
Аймақтар • Кеше
Щучинск қаласы Абылай хан атана ма?!
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Қанағатпен өмір сүретін шенеунік қайда?..
Қоғам • Кеше
Абай ілімін ашу – рухани кемелденуге апарар жол
Абай • Кеше
Экономика • Кеше
Экономика • Кеше
Көпбалалы аналардың қолдаушысына айналған орталық
Аймақтар • Кеше
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Таным • Кеше
«Барыс» «Автомобилистен» жеңілді
Спорт • Кеше
«Испания Вуэльтасына» қатысады
Спорт • Кеше
Ұстаз еңбегінің ұлағатын асырған
Білім • Кеше
Ұлттық ойындар – құнды мұрамыз
Ұлттық спорт • Кеше
Кино • Кеше
Теннис • Кеше
Жаңаөзенде мектеп жанында жол апаты болды
Оқиға • Кеше
Алматы облысының Мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы келді
Тағайындау • Кеше
Қазақстанның экспорты 6 айда 56,3% - ға өсті
Экономика • Кеше
Ғылым және жоғары білім вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қазгидромет биылғы бидай өнімділігіне болжам жасады
Қазақстан • Кеше
Ерлан Тұрғымбаев қызметінен босатылды
Қазақстан • Кеше
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы СҚО-ға жетті
Медицина • Кеше
Әлихан Смайылов TAV Airports Holding басшысымен кездесті
Үкімет • Кеше
Шымкенттік шенеунік жолға бөлінген 747 млн теңгені жымқырған
ANTIKOR • Кеше
Елордада 2 мың орынға арналған мектептер салынады
Білім • Кеше
Ұқсас жаңалықтар