Отырыс барысында аталған көлік бағдарына жүктерді тарту бойынша жұмыс тиімділігін арттыру, контейнерлік тасымалды дамыту, бағдар бойынша қолайлы тарифтік жағдай жасау мәселелері талқыланды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК»АҚ басшысы, «ТХКБ» ХА» ЗТБ Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев Транскаспий дәлізінің әлеуетін пайдалану бойынша іске асырылатын шараларды қабылдаудың маңызын атап өтті.
«Бұл бағдар бойынша жүк ағынын ұлғайту жұмысын жандандыру қажет. Біз қабылдаған шешім дәлізге жаңа қатысушыларды тартуға ықпал етуі тиіс», деді С.Мыңбаев.
Ірі көліктік-логистикалық компаниялардың аталған халықаралық дәлізге қызығушылығы артуда. Мәселен, «ТХКБ» ассоциациясына негізгі қызметі мамандандырылған жылжымалы құрамды басқару, астық тасымалы бойынша көліктік-экспедиторлық қызмет көрсету болып табылатын «Астық-Транс» АҚ мүше болды.
Отырыс қорытындысы бойынша «Транскаспийлік халықаралық көлік бағдары» ХА» ЗТБ жалпы жиналысының хаттамасына қол қойылды. Шара шеңберінде басшылар, яғни «ТХКБ» ассоциациясының тұрақты мүшелері келесі құжаттарға, яғни:
– Каспий теңізіндегі порттар арасында (Ақтау, Баку(Алят) фидерлік кемелердің қатысуымен тікелей темір жол-су қатынасымен контейнерлік тасымалды ұйымдастыру туралы келісімге;
– ТХКБ бағдары бойынша контейнерлік пойыздар құрамында жүк тасымалын ұйымдастыру барысында жеткізу мерзіміне жауапкершілік шаралары мен өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойды.