Саясат • 27 Маусым, 2019

Сенатор О.Перепечина саяси көшбасшы әйелдер саммитіне қатысты

423 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Сенатор О.Перепечина саяси көшбасшы әйелдер саммитіне қатысты

25-27 маусымда Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Ольга Перепечина Токиода «Women Political Leaders» қоры мен Жапония Парламенті Өкілдер палатасы ұйымдастырған «Тұрақты даму саласындағы мақсаттарды іске асыру арқылы қоғамды дамытуға арналған шаралар қабылдау» тақырыбындағы саяси көшбасшы әйелдердің саммитіне қатысты.

Жапония өкілдер Палатасының төрағасы Т.Осима саммитке қатысушыларға арнаған сөзінде қоғамның саяси және экономикалық өмірін дамытудағы көшбасшы әйелдердің ерекше рөлін атап өтті.

Әйелдер саммиті Азия-Тынық мұхит аймағында алғаш рет өтіп отыр. Әлемде әйелдер мен ерлер арасындағы теңдікке жету жолында әлі де белгілі бір кедергілер бар екенін ескере отырып, қатысушылар әйелдердің құқықтарын ілгерілету және БҰҰ Орнықты даму мақсаттарының өлшемдері арқылы олардың қоғам өміріне атсалысуын ұлғайту мәселелерін талқылады.

Екі күнге созылған пікірсайыстар қорытындысы 28-29 маусымда Осакада өтетін G20 Саммитіне қатысушыларға табыс етілетін болды.