Саясат • 27 Маусым, 2019

«Оңтүстік Цирк» ұжымы арыстық бүлдіршіндерге қойылым ұсынды

446 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үшінші мегаполистегі эвакуациялық пунктеріндегі 500-ге жуық бала шымкенттік цирк өнер иелерінің қойылымын тамашалады.

«Оңтүстік Цирк» ұжымы арыстық бүлдіршіндерге қойылым ұсынды


Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту жане архивтер басқармасының ұйымдастыруымен қаладағы 49 эвакуациялық пунктегі жас бүлдіршіндер үшін қойылым қойылды.


«Арыста орын алған төтенше жағдай ешкімді бейжай қалдырмады. Қалада құрылған 50-ге жуық эвакуациялық пунктерінде үш күннен бері көмектер көрсетілуде. Еріктілер мен мекемелер, тұрғындар азық-түлік, киім-кешек беріп, қаржылай жәрдемдессе, қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры, цирк мекемесі балаларға арнап қойылым, концерттік бағдарламалар қойып жатыр. Сонымен қатар балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында балақайларға ертегі кітаптары, танымдық кітаптар, сурет салатын қаламдар таратылды», - деді ұжым басшысы Арман Әлиев.

Қайырымдылық қойылымында «Айгөйлек» балалар ансамблі өнер көрсетті. Мұнан соң манежге цирктің жас жануарлары шығып, балақайларға қуаныш сыйлады. Балалар әуе акробаттарының теңдессіз пластикасы мен үйретілген жануарлардың өнерін, сайқымазақтың көңілді нөмірлерін де тамашалады.

Шымкент