Александр есімді Туваның тұрғыны аюдың шабуылына ұшыраған. Омыртқа сүйектері сынып, бірнеше дене жарақаттарын алған. Бұдан соң, аю ер адамды апанына тартып, оны тамақ қоры ретінде кейінге қалдырады.
Александрдің мұндай қиын жағдайда қалай аман қалғаны беймәлім. Оны аңшылар иттердің көмегімен кездейсоқ тауып, ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер оның омыртқа сүйектерінің сынғанын және басқа да көптеген жарақаттар алғанын жеткізді.
Аңшылардың айтуынша, Александр ауыр жағдайда болғанына қарамастан сол сәтте қолдарын қимылдата алған.