Аймақтар • 27 Маусым, 2019

Қырғыз зиялылары Әуезовтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

484 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің дүниеден өткен күні. Халықаралық Түркі академиясы ұйымдастырған қазақ-қырғыз зиялыларының форумына қатысу үшін Алматыға арнайы келген қырғыз делегаттары жазушының музейіне бас сұғып, аруағына құрмет ретінде гүл шоқтарын қойды.

Қырғыз зиялылары Әуезовтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Сұлтан Раев, Қадыралы Қоңқабаев бастаған қырғыз зиялыларымен қатар  белгілі тарихшы Мәмбет Қойгелдиев, әдебиетші Дандай Ысқақ секілді қаламгерлер де Әуезов мұражайын аралап, ұлы классиктің жүріп өткен жолына шолу жасады.

«Мұхтар Әуезов есімі әлемге әйгілі қаламгер. Ол қазақ әдебиетінің ғана емес, тұтас түркі дүниесінің рухани асыл мұрасына айналған іргелі шығармаларды өмірге әкелді. Алматыға табаны тиген қырғыз ғалымдары мен жазушылары оның әруағына тәу етіп, құрмет көрсетпей кетпейді. Әуезовтің қаламынан туған шығармалар дәуір үнін тап басқан қайталанбас туындылар»,-дейді Қырғызстандағы Манас қырғыз-түрік университетінің профессоры, ф.ғ.д. Қадыралы Қоңқабаев.