Әлем • 27 Маусым, 2019

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев ерекше құқығынан айырылды

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жогорку Кенеш экс-президент Алмазбек Атамбаевты ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыру туралы шешім қабылдады. Дауыс беру ашық түрде өтті. Бұл туралы Кабар агенттігіне сілтеме жасай отырып Қазақпарат хабарлады.

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев ерекше құқығынан айырылды

Дауыс беруге барлығы 109 депутат қатысқан. Оның 103-і шешімді қолдап дауыс берсе, алтауы қарсы болды. Аталған шешім бас прокуратураға жолданды.

Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша, Қырғызстанның бұрынғы президентіне 6 эпизод бойынша айып тағу туралы шешім шығарды. Алайда, Жогорку Кенештің Қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комитеті Бас прокуратураның Алмазбек Атамбаевқа тағып отырған 6 айыптың 5-уіне қатысы бар деген шешімін қолдады.

Қырғызстаның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевқа қазіргі таңда Қой-Таш ауылында жер телімін заңсыз алды, қылмыстық әлемнің серкесі А.Батукаевты заңсыз босатты, Субихи Пархатидің «Форум» ғимаратын алаяқтық жолмен сатты,  Бішкек қаласындағы ЖЭС-сын реконструкциялау жұмыстары мен оған көмір сатып алу жұмыстары бойынша сыбайластық әрекеттерге жол берді деген айыптар тағылып отыр.

Еске салсақ, бұған дейін Қырғызстанның Жогоргу Кенештің депутаттары елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыруды ұсынған болатын. Сондай-ақ,  Атамбаевқа тағылған айыптарды қарау бойынша арнайы депутаттық комиссия құрылды.