Аймақтар • 28 Маусым, 2019

Арыста жарық, сумен жабдықтау жүйелері іске қосылды

376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28 маусым күні таңғы 8.00-ден бастап Арыс қаласының тұрғындары үйлеріне оралды. Таңғы 6-дан бастап шаңырағына оралғысы келетін адамдар эвакуациялық орталықтардан жолға шықты.

Арыста жарық, сумен жабдықтау жүйелері іске қосылды

Бүгінгі таңда коммуналдық қызмет тарапынан Арыста жарық және сумен жабдықтау жүйелері іске қосылды.

Сондай-ақ, Арыс теміржол бекетінен барлық бағытқа пойыз қатынай бастады.

Тұрғындары енді оралған қалада ветеринарлық қызмет өлген жануарлардың өлексесін іздеп, оны жою және зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізуде.

2019 жылғы 27 маусымнан бастап денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің 155 маманы мен 22 бірлік техникасы 41 нысанда тексеру және дезинфекциялау жұмыстарын жүргізді.