Қазақстан • 28 Маусым, 2019

«Үркер» сыйлығының иегерлері белгілі болды

732 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы «Үркер-2019» ұлттық байқауы өз мәресіне жетті.

«Үркер» сыйлығының иегерлері белгілі болды

Ұлттық премия баспасөз, радио және интернет-журналистика саласында жетістікке жеткен, сондай-ақ өңірлерде мультимедиалық журналистиканы дамытуға үлес қосып жүрген мамандарға берілді. Айта кету керек, биылғы «Үркер» ұлттық сыйлығы Egemen Qazaqstan газетінің 100 жылдық мерейтойына арналды. 11 аталым бойынша сыйлық лауреаттарын   елдің медиа саласын дамытуға елеулі үлес қосқан белгілі медиа менеджерлер, журналистер және қоғам қайраткерлері құпия дауыс беру арқылы таңдады.

1. Жылдың үздік фото-суреті - Әли Оспан (egemen.kz)

2.Жыл репортажы - Ксения Бондал  («Капитал»)

3.Жыл аналитикалық материалы - Евгения Бодрова - (Informburo.kz)

4. Жыл журналистік зерттеуі - Яцун Анастасия - (Ноlanews.kz)

5. Жыл сұхбаты - Жанна Ойшыбаева (Литер)

6. Қазақстан туралы жылдың танымдық материалы - Аян Өрібай - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі.

7. Жыл радиостанциясы - «Радио Классик»

8. Жыл ақпараттық порталы - «Zakon.kz »

9. Жыл газеті - «Время»

10. Жыл журналы -  «National Geographic»

11. Жыл new media- Kaliyev-channel

Egemen Qazaqstan газетінің 100 жылдығына орайластырылған арнайы сыйлығы Намазалы Омашевқа берілді.

Лауреат атанған журналистерге «Сыйлық жеңімпазы» атағымен бірге «Үркер-2019» естелік мүсіншесі  және  1 млн теңге қаржылай жүлде табысталды.