Аймақтар • 29 Маусым, 2019

100-ден астам арыстық жеткіншек жазғы демалысын Жамбыл жерінде өткізеді

567 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Арыс қаласындағы жарылыстан зардап шеккен 100-ден аса бала Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жасөркен ауылында орналасқан «Болашақ» және Жуалы ауданындағы «Тау самалы» сауықтыру лагерьлеріне аттанды. Бұл жөнінде облыс әкімінің баспасөз қызметі xабарлады.

100-ден астам арыстық жеткіншек жазғы демалысын Жамбыл жерінде өткізеді

Жамбыл облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен қолға алынған игілікті шара барысында жамбылдықтар балаларды жас ерекшеліктеріне қарай қажетті киім-кешекпен қамтамасыз етпек. Жеткіншектердің қауіпсіздігіне облыстың әр ауданынан келген жетекші мамандар жауап беретін болады.

«Бауыр етіміз - балаларымыздың жағдайына алаңдаушылық білдірген барша халыққа алғыстан басқа айтарымыз жоқ», - дейді арыстық ата-аналар.

Көрші облыстағылар балаларды жазғы демалыспен қамту шараларын алдағы күндері де жалғастыратындығын жеткізсе, өзге де Арыстың балалары үшін  жазғы демалыстарға жіберу жұмыстары жалғасатын болады.