Спорт • 29 Маусым, 2019

Мәди Катешов Бүкіләлемдік жағажай ойындарына жолдама алды

520 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2019 жылдың қазан айында Катарда өтетін ANOC World Beach Games ойындарында Қазақстанның намысын Мәди Катешов қорғайды. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетінің ресми сайты xабарлады.

Мәди Катешов Бүкіләлемдік жағажай ойындарына жолдама алды

«Мәди Катешов - каратеден Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Азия чемпионатының жүлдегері, Токио-2020 рейтингінде 16-шы орында тұр. Мәди былтыр Мадридте өткен әлем чемпионатында жағажай ойындарына қажетті ұпайды жинап үлгерген. Ол әлемдік сында ширек финалға дейін жетіп, венесуэлалық спортшыға есе жіберген болатын», - деп жазды Ұлттық олимпиада комитетінің ресми сайты.

Айта кетейік, ANOC World Beach Games  додасында 16 спорт түрінен жүлде таратылады. Олардың қатарында күрес, карате, жағажай волейболы, жағажай гандболы, жағадай теннисі, ашық суда жүзу және тағы басқа спорт түрлері бар.